28.07.2017, 23:39 4032

Алматыдағы халықаралық форумда тау туризмін дамыту мәселелері бойынша нұсқаулар берілді

Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайын өтетін "International Mountain Sports Festival" фестивалі аясында халықаралық форум өтті. Отандық және халықаралық жүргізушілер әлемдік тау шаӊғысы туризмініӊ жаһандық нарығы, Алматыдағы орны және туристік саланыӊ қала экономикасына ықпалы мәселелерін талқылады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan Today - Алматыда Қазақстан Республикасында тау туризмін дамытуға арналған жыл сайын өтетін "International Mountain Sports Festival" фестивалі аясында халықаралық форум өтті. Отандық және халықаралық жүргізушілер әлемдік тау шаӊғысы туризмініӊ жаһандық нарығы, Алматыдағы орны және туристік саланыӊ қала экономикасына ықпалы мәселелерін талқылады.

Алматы қаласы әкімініӊ орынбасары Арман Қырықбаев өзініӊ құттықтау сөзінде 2017 жылдыӊ бірінші тоқсанында мегаполиске сырттан 200 мыӊнан астам адамныӊ келгенін, өткен жылмен салыстырғанда қонақтар саныныӊ 18%-ға артқанын, соныӊ ішінде 24%-дан көбі шетелдік меймандар екенін айтты. Қонақүйлерде көрсетілетін қызмет түрі 18%-ға ұлғайып, 20 млрд. теӊгені құраған. Қалада медициналық, спорттық, оқиғалық, мәдени- танымдық, экологиялық, іскерлік, гастрономиялық, шопингтік туризм түрлері дамып келеді. Тау туризміне айрықша назар аударылуда.

Алматы өзініӊ табиғи-географиялық, геополиткалық ерекшелігіне орай әлемдік тау туризмніӊ дамытуға айтарлықтай үлес қосып келеді. Мысалы, таяуда жарияланған Worldwide Costof Living рейтингте Алматыныӊ өмір сүру мен жұмыс істеу үшін барынша жайлы әрі арзан қала екендігі айтылған.

"Мемлекет басшысыныӊ тұрақты қамқорлығы арқасында Алматыда заманауи спорттық инфрақұрылым қалыптасты, соныӊ арқасында түрлі деӊгейдегі спорттық шаралар өтуде. Биыл біз қалада Бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындарды өткіздік, бұл мегаполисті әлем жұртына қысқы туризмніӊ халықаралық орталығы ретінде көрсетіп, бұқаралық спортты дамытуға әрі спорттық ірі жетістіктерге жетуге тыӊ серпіліс берді", - деп атап өтті қала әкімініӊ орынбасары.

Қазіргі кезде қалада 166 мейманхана, хостелдер, кемпингтер, 2 мыӊнан астам кафелер, мейрамханалар, 19 театр, 20 мұражай, 14 көркем галереялар мен көрмелер жұмыс істейді. 569 туристік ұйым өз жұмыстарын жоғары деӊгейде атқаруда. Мысалы, 2016 жылы республика бойынша шетелге 9 млн. адам шықса, соныӊ 3 миллионға жуығы алматылықтар. Алматыны дамытудыӊ негізгі драйверініӊ бірі туризм болуы тиіс, оныӊ үстіне осы салада жаӊа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік мол.

"Сіздердіӊ әсем тауларыӊызды көріп және орасан әлеуетті сезініп, тау туризмін дамыту саласында Алматыныӊ қабілеті өте жоғары екенін байқадық, осылайша бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастық орнату жөнінде идея туындады. Мысалы, біз өзіміздіӊ тау курорттарымызда билеттер сатқанда "Шымбұлаққа" тегін бару мүмкіндігін немесе керісінше Алматыдан бізге келгенде де қолайлы жағдайларды жасауды қарастырамыз. Соныӊ арқасында турситерді көп тартуға болады.Табиғи құндылық, биіктік пен таулардыӊ қалаға жақындығы қызықтырады. Мұндағы тамаша курорттар қала экономикасын жаӊа деӊгейге көтереді, өмір сүру деӊгейін арттырып, туризм саласындағы бизнесті одан әрі дамытуға жаӊа серпіліс береді", - деп атап өтті А. Онопришвили.

Санкт-Петербург фристайл Федерациясыныӊ вице- президенті Виктор Тимаков тау туризмін дамытуда Алматыныӊ орталық Азиядағы еӊ тұрақты қала екендігін атап өтті.

"Халықтыӊ 10%-ы - маусым барысында бес рет 200 мыӊ адамнан курортқа келсе, бұл миллион! Ал, бұл Қазақстанныӊ өзге өӊірлерін есептемегенде, алматылық агломерация тұрғындары ғана. Мұндай ұтымды алғышарт тіпті әлемде де жоқ. Сіздердіӊ тауларыӊыз қанша көлемді алып жатыр? Бұл бір миллион пайызға жуық. Мен туризмді дамыту ісін көпшілікке кеӊінен насихаттау қажет екенін атап өткім келеді, соныӊ арқасында қала экономикасы да артып, жаӊа жұмыс орындары ашылар еді. Ресей спортшылары мұнда келе ме? Ирине, қуана келеді. Мен өзім сіздердіӊ қалаӊызда алғаш болуым, "Шымбұлақ", туралы естігенмін, достарым осында таушаӊғысымен сырғанаған. Мен сіздердіӊ тауларыӊызға ғашықпын", - деді В.Тимаков.

Халықаралық форумға әлемніӊ 10 елінен, сонывӊ ішінде Испаниядан, Германиядан, Грузиядан, Ресейден, Украинадан, Қытайдан, Австриядан және басқаларынан спикерлер қатысты. Warth тау шаӊғысы курорты мен Warth Holdind GmbH басқармасыныӊ бас директоры, австриялық Гюнтер Оберхаузер курорттыӊ қала экономикасына ықпалы, ал PGI Management бас директоры Джоан Виладомат,Испаниядан келген PGI Management басқарушы директоы Хулио Вентажа Андорра тәжірибесі негізінде Қазақстан таушаӊғысы индустриясын дамыту туралы айтты. Форум барысында қысқы спорт түрлері бойынша Қытай Ассоциациясыныӊ бас менеджері, Beijing Wanda Culture Industry Group бас директорыныӊ орынбасары Бин Ву Қытайдағы таушаӊғысы индустриясыныӊ дамуы жөнінде сөз етті.

Австриядан келген Warth тау шаӊғысы куорты мен Warth Holding GmbH туристік басқармасыныӊ бас директоры Гюнтер Оберхаузер тау курортын жедел дамытудағы басты факторлардыӊ бірі - Алматыныӊ ірі мегаполис болуы екенін атап өтті. Оныӊ бұл ойын PGI Management бас директоры Джоан Виладома да кұптады, "Андорра - әлемніӊ еӊ кіші 9 елініӊ бірі. Ал Қазақстан - әлемніӊ ірі 9 елініӊ бірі" деп атап өтті. Ол Индиядан туристер тартуды ұсынды."Біз Алматыда индустардыӊ көп екенін байқадық. Олар тау шаӊғысы спортын ұнатады. Тау курорты Алматыдан 3,5 сағат қана қашықтықта. Меніӊ берер кеӊесім, бұған да назар аударған жөн".

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаевтыӊ 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында: "Туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оныӊ басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі",- деген болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны