26.07.2007, 14:28 2657

Алматыдағы ірі супермаркетте өрт шығуына газ баллонының жарылуы себеп болған - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА. 26 шілде. Kazakhstan Today. Алматыдағы ірі супермаркетте өрт шығуына газ баллонының жарылуы себеп болған. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінде өткен алқа мәжілісінде осы мекеменің өртке қарсы күрес қызметі комитетінің төрағасы Сергей Дырин мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Тергеу жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр, бірақ қазірдің өзінде өрттің тез таралуына газ баллонын ауыстыру кезінде оның жарылуы себеп болған деп айтуға болады", - деді С. Дырин. Оның айтуынша, "өрт супермаркеттің қабырғасын қаптауда пайдаланылған материалдарға қарай ойысып, алғашқы өрт сөндіруші топтар келіп жеткенге дейін жалын 1 мың шаршы метрді шарпып үлгерген".

Сонымен бірге, С.Дыриннің айтуынша, тергеу мәліметіне сәйкес, супермаркеттегі өртке қарсы күрес жүйесі жұмыс істемей қалған. "Бастапқы кезеңде қрт сөндіруге күш салуға міндетті супермаркет қызметкерлері ондай әрекетке оқытылмағандықтан, әрекетсіздік танытқан", - деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны