30.09.2008, 14:27 3105

Алматыдағы төтенше жағдайлар жөнінде хабар беретін жүйе жабдықтарының 60% ескірген

Алматыдағы төтенше жағдайлар жөнінде хабар беретін жүйе жабдықтарының 60% ескірген

Алматы. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алматыдағы төтенше жағдайлар жөнінде хабар беретін жүйе жабдықтарының 60% ескірген. Бұл туралы бүгін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментіндегі ғылыми-техникалық кеңес барысында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің халық пен аумақтарды қорғау бөлімінің бастығы полковник С. Шәріпханов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның айтуынша, қазір қалада халыққа төтенше жағдайлар жөнінде құлағдар ететін 278 дабыл жүйесі жұмыс істейді. Департаменте қажетті хабаррды тарату үшін 60 кабельді арнаның сигналын ұстап алуға мүмкіндік беретін аппаратура бар. Электр қуаты үзіліп қалған жағдайда халыққа хабар беру үшін дыбыс күшейткіш аппаратурасы бар 24 автокөлік пайдаланылады. Хабар беру жүйесіне радиобайланыс, оған қызмет ететін үш ретранслятор, спутниктік байланыс кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны