10.08.2006, 12:57 2940

Алматылық тәртіп сақшылары өтірік адам ұрлау оқиғалары жиілегенін хабарлауда

АЛМАТЫ. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Алматылық тәртіп сақшылары өтірік адам ұрлау оқиғалары жиілегенін хабарлауда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі құлағдар етті.

"Алғашқы жағдайда жоғалып кеткен 21 жастағы студент қыздың анасы көмек сұрай келген. Қыздың із-түзсіз кеткеніне алаңдаған ата-аналары оны екі күн бойы іздеген. Қыз анасының ұялы телефонына келіп түскен хабар тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінуге мәжбүрлеген,- дейді ІІД өкілдері. - Қызды бостандыққа жіберу ақысына 1 мың доллар талап етілген".

Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері "құрбан қызды" қысқа мерзімде тауып алды. Өзінің "ұрлану" сценарийін қыздың өзі ойлап тапқан. Осы уақыт ішінде қыз досының үйінде болған.

Екінші арыз-шағым бір зейнеткер әйелден келіп түсті. Ол өз ұлының біреулердің қолында заңсыз қамауда отырғанын жеткізген. Ийелдің айтуынша, біреулер оны жұмысқа жегу үшін Алматы облысының Үшарал қаласына алып кеткен. Оны босату үшін 500 мың теңге көлемінде құн талап етілген.

Бұл оқиғада "ұрланған" жігіт техникалық қызмет көрсету бекетіндегі жұмысы барысында өз клиентіне қарыздар боп қалған. Ақшаны ол ойын автоматтарына ұтылып қалса керек. Қарызды қайтару үшін ол өзінің "ұрлану" жоспарын құрған, деп хабарлайды тәртіп сақшылары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны