06.02.2008, 15:36 2530

Алматылық тәртіп сақшылары тергеу абақтысына есірткі өткізуге жасалған кезекті әрекетке тосқауыл қойды

Алматылық тәртіп сақшылары тергеу абақтысына есірткі өткізуге жасалған кезекті әрекетке тосқауыл қойды

Алматы. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматылық тәртіп сақшылары тергеу абақтысына есірткі өткізуге жасалған кезекті әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бұл жолы героин ұялы телефонды зарядтау қондырғысына жасырылыпты. Қамауда отырған туысқанына есірткі өткізбек болған 37 жастағы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны қылмыс үстінде құрықталды. Ол өзінде героин бар екенін жасырмағанымен, әйтсе де ол бастапқыда жабық мекемеге есірткі өткізуге көптен бері әрекеттеніп жүргенін мойындаудан бас тартты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Мен героинді "Тастақ" ықшамауданынан тауып алдым. Өз қауіпсіздігімнің қамымен мен оны зарядтау қондырғысына жасырып, өзім тұтынбақ болдым. Мен есірткіні ешкімге бергім келген жоқ", - деді ол жауап алу барысында. Ал тергеу абақтысының жанына кездейсоқ келдім деген.

Ал жедел қызметкерлердің қолында оның жоспары жөнінде сенімді ақпарат болған. Тұтқын бұған дейін де ұрлығы үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған және тергеу абақтысына жіберілген сәлемдемелердің қатаң тексерілу ережелерін жақсы біледі.

"Бұл дерек қамаудағы туыстарына, достары мен таныстарына заң бұза отырып қызмет көрсетуге дайын адамдардың әлі де бар екенін көрсетеді. 2007 жылы біз ЛА 155/1 мекемесінің оперативтік бөлімімен бірлесіп тергеу абақтысына есірткі өткізуге жасалған 8 әрекеттің жолын кестік. Идетте, есірткі азық-түлік өнімдеріне тығылатын. Осындай қылмысы үшін алты адам сотталды", -деді Алматы қалалық ІІД-нің есірткі саудасымен күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Кебекбаев.

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, тұтқынға қылмыстық жауапкершілік жүктелуі мүмкін. "Алматыға ақша табудың қамымен келген екі баланың әкесі енді өз үйіне жуық арада келе алмайды. Сот-химиялық сараптама ер адамның ұялы телефонның зарядтау қондырғысына 24 грамнан астам героин жасырағанын анықтады, ал бұл Қазақстан заңнамасына сәйкес ірі партия болып табылады". Жетісу АІІБ-ында қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны