09.11.2009, 16:12 3298

Алматының Алатау ауданынан тәртіп сақшылары цыгандар таборын тапты - ІІД

Алматының Алатау ауданынан тәртіп сақшылары цыгандар таборын тапты - ІІД

Алматы. 9 қараша. Kazakhstan Today - Алматының Алатау ауданында тәртіп сақшылары цыгандар таборын тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматының Алатау ауданындағы Байбесік ауылында орналасқан үш кішкентай жер үйге 60 адамнан тұратын цыгандар таборы паналаған. Бүгін түнде елімізде заңсыз жүрген азаматтардың тұрағына көші-қон полициясының қызметкерлері бас сұқты. Өзбекстан азаматтары Қазақстанға осыдан екі апта бұрын келген",- деп хабарлайды ІІД.

Ал ІІМ-нің ақпаратына сәйкес, Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және шетелдіктердің елімізде болуын бақылауды күшейту мақсатында ішкі істер органдары 2-11 қараша аралығында "Мигрант" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған операцияға 10 мыңнан астам полиция қызметкері мен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері жұмылдырылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды, заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырылушыларды анықтау бойынша шетел азаматтарының шоғырланған жерлерінде рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар елімізде тіркеусіз тұратын, заңсыз жұмыс істейтін шетел азаматтарын, оларға делдалдық қызмет көрсететін адамдарды анықтауға ерекше назар аударылуда. Операция нәтижесінде соңғы 5 күн ішінде 15 мыңға жуық шетел азаматы, оның ішінде алыс шетелдің 847 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ержесін бұзғаны үшін еліміздің 394 азаматы жазаға тартылды. Тек Астана және Алматы қалаларында 2718 көші-қон заңнамасмын бұзғандар анықталды. Оның ішінде 2573 ТМД азаматтары (Өзбекстаннан-1197, Қырғызстаннан- 809,Тәжікстаннан -220, Ресей ден-217, Изірбайжаннан -65, Армениядан -20, Украина және Грузиядан -16), сондай-ақ алыс шетелден (Түркия 60, Ауғанстан 45, ҚХР 17, Моңғолия 11, Германия 3, Сонай-ақ, Иран, Сирия және Македониядан).

Барлығы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін осы жылдың 10 айында әкімшілік жауапкершілікке 133 мың шетел азаматтары тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны