02.04.2014, 20:46 3160

Алматының әр ауласында видеобақылау камералары орнатылуы тиіс - А.Есімов

Бүгін Алматыда "Қауіпсіз аула" бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтті, ол мемлекеттік - жеке серіктестік принципі негізінде жүзеге асады. Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Алматы. 2 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Алматыда "Қауіпсіз аула" бағдарламасының тұсаукесер рәсімі өтті, ол мемлекеттік - жеке серіктестік принципі негізінде жүзеге асады. Аталған шараға Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Мегаполис басшысы бұл бастаманың маңызы зор екендігіне ерекше тоқталды және құқық бұзушылық, пәтер тонау сияқты келеңсіздіктердің алдын алатындығын да ерекше атап өтті. Үдемелі жоба Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшам ауданында бастау алды, деп қала әкімдігінде хабарлады.

"Видоебақылу камералары мен құқық бұзушылықты фиксациялау қондырғылары болашақта мегаполистің әр ауласында орнатылуы тиіс. Бұл жұмыс біртіндеп атқарылады, негізінен қондырғыларды орнату муниципалды үйлерден басталады. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа қоныс аймақтары мен кешендеріне ерекше маңыз берілетін болады", - деді Ахметжан Есімов.

Қала басшысы бұқара көп жиналатын жерлерге видобақылау қондырғыларын орнату өз нәтижесін беруде деді.

Өз кезегінде Алматы қаласы ІІД-нің басшысы С.Құдабаев "Қауіпсіз аула" бағдарламасының арқасында қылмыс жасау деңгейінің 25-30%-ға төмендегенін айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны