09.02.2007, 17:16 3224

Алматының бір аудандық әкімшілігінің қызметкері прокурордың жұмысына кедергі келтіргені үшін айыппұл төледі

АЛМАТЫ. 9-ақпан. Kazakhstan Today. Алматының бір аудандық әкімшілігінің қызметкері прокурордың жұмысына кедергі келтіргені үшін айыппұл төледі. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

"Алматының Иуезов аудандық әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы прокурордың заңды іс-қызметіне кедергі келтіргені үшін айыпты деп танылды. Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен шенеунікке 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл жүктелді",- деп хабарлайды прокуратура.

Қадағалаушы мекеменің хабарлауынша, әкімшілік қызметкері Назаровқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаңтар айының аяғында оның аудандық әкімшілікке "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның қолданылуын тексеруге келген прокурорлардың сауалдарына жазбаша жауап беруден себепсіз бас тартуына байланысты қозғалған.

Тексеруші прокурорлар тобын басқарған Иуезов аудандық прокурорының аға көмекшісі М.Андербаевтың айтуынша, "әкімшілікте қызмет ететін шенеунік мемлекеттік сатып алуға қатысты жауап беруден кенет бас тартып, кейбір мәліметтерді аудан әкімімен келісу қажеттігіне сілтеме жасаған". Прокурордың айтуынша, мұнымен шектелмей ол "біраз уақыттан кейін тексерушілер жұмыс істеп жатқан жұмыс бөлмесіне қайта оралып, прокурордың жабық папкасынан тексеру құжаттарын алып шығып, оларды қадағалаушылардың көздерінше жыртып тастаған". "Назаров осы орайда тіпті қойылған сұрақтарға жауап беруге жарамайды деп мәлімдеген".

"Сот бөлім басшысының бұл әрекеттерін прокуратураның өкілеттілігін жүзеге асыруға бағытталған заңды іс-қызметіне кедергі келтіру деп бағалады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны