28.02.2008, 15:31 3810

Алматының екі азаматы мемлекетті сатқан деп айыпталса, бір шетел азаматы тыңшылығы үшін сотталды

Алматының екі азаматы мемлекетті сатқан деп айыпталса, бір шетел азаматы тыңшылығы үшін сотталды

Алматы. 28 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Алматының екі азаматы мемлекетті сатқан деп айыпталса, бір шетел азаматы тыңшылығы үшін сотталды. Бұл туралы кеше Алматы қалалық ҰҚКД бастығы, генерал-майор Нұржан Мырзалиев қалалық мәслихаттың кеңесінде құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұзаққа созылған тынымсыз еңбектің арқасында біз шетелдік мемлекеттің мүддесі үшін құпия мәліметтер жинап беруден шұғылданып жүрген Алматы қаласының екі тұрғынын ұстадық, оларға қатысты мемлекетті сатқан деген айыппен қылмыстық іс қозғалды", -деді Н. Мырзалиев.

Оның айтуынша, департаменттің жедел материалдарының негізінде Алматы гарнизонының әскери соты бір шетел азаматын тыңшылық жасағаны үшін 11 жылға соттады, ол құпия мәлметтерді жинап жүрген сәтте қылмыс үстінде ұсталды.

Сонымен бірге, екі килограмм "Уран-235" радиоактивтік затын сатпақ болған жерінен Қазақстанның екі азаматы ұсталып, оларды Бостандық аудандық соты 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ, радиоактивті материал - отындық уран таблеткасын сатуға жасалған Қазақстан азаматының әрекетіне тосқауыл қойылып, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны