09.01.2008, 10:16 1529

Алматының қоғамдық көліктеріндегі жол жүру ақысын көтеру монополияға қарсы заңды бұзады - прокуратура

Алматының қоғамдық көліктеріндегі жол жүру ақысын көтеру монополияға қарсы заңды бұзады - прокуратура

Алматы. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Алматы прокуратурасы қаланың қоғамдық көліктеріндегі жол жүру ақысының соңғы көтерілуі монополияға қарсы заңды бұзады деп таныды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Алматы прокуратурасы, қоғамдық көліктердегі жол ақысын 40 теңгеден 60 теңгеге көтеру Қазақстан Республикасының "Бәсекелестік және монополистік іс-қызметті шектеу туралы" заңының 10-бабының 1-тармағын бұзатындығын анықтады, деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Прокуратураның хабарлауынша, 4-қаңтарда қаланың жолаушылар көлігі және көлік жолдары департаментіне прокуратура аталмыш заң бұзушылықты жоюға қатысты шұғыл шара қабылдау туралы нұсқама енгізілген болатын.

8-қаңтарда нұсқаманы қарастыру нәтижесі бойынша жол жүру ақысы 60 теңгеден бұрынғы 40 теңгеге төмендетілді, деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны