23.04.2012, 12:04 3508

Алматының полицейлері адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздестіруде

Болжам бойынша, ақ түсті "Мерседец-Бенц" көлігінің иесі Ленин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатып 30-35 жастағы бір ер азаматты қағып, оқиға орнынан із жасырған.

Алматы. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда жол полициясы жол-көлік оқиғасын жасап, бой тасалап жүрген жүргізушіні іздестіруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, болжам бойынша, ақ түсті "Мерседец-Бенц" көлігінің иесі Ленин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатып 30-35 жастағы бір ер азаматты қағып, оқиға орнынан із жасырған.

Оқиға туралы ақпарат қалалық ішкі істер басқармасының Жедел басқару орталығына түнгі сағат 23:45-те түсті. Медициналық сараптама қорытындысына қарағанда көліктің жылдамдығы өте қатты болған, себебі апатқа ұшыраған адам соқтығысу барысында бірнеше метрге ұшып кеткен. Қазіргі таңда адам өліміне кінәлі бұл көлік құралына және оның иесіне іздеу жарияланып отыр.

Жол полициясы куәгерлерден немесе бұл оқиға қатысты қандай да бір ақпаратты білетін өзге де азаматтардан құзырлы органдарға қоңырау шалуын сұрауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны