26.05.2008, 15:23 1635

Алматының жол полициясы қызметкерлері бір кештің ішінде 136 мас көлік жүргізушіні қолға түсірді

Алматының жол полициясы қызметкерлері бір кештің ішінде 136 мас көлік жүргізушіні қолға түсірді

Алматы. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматының жол полициясының қызметкерлері бір кештің ішінде автокөлікті мас күйінде айдаған 136 көлік жүргізушісін қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік Алматының ішкі істер департаментініне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, Алматының ішкі істер департаментінің жол полициясының қызметкерлері жол жүру ережелерін бұзып, жолаушылардың өміріне қауіп төндіретін, жолдарда апатты жағдайларды алдын алып, соның ішінде мас күйінде көлікті жүргізгендерді анықтау үшін демалыс күндерінде жоспарлы рейдтік шараларын жүргізуде. Жол полициясының қызметкерлері осы шаралар кезінде көлікті мас күйінде айдап барлық жол жүру қатысушыларына қауіп төндірген 100-ден аса жүргізушіні анықтады.

"Жол полициясының қызметкерлері арнайы шараларды жүргізу кезінде жол жүру ережелерінің бұзылғандығына орай 300 -ден аса әкімшілік хаттаманы толтырып, 136 адамның мас күйінде көлікті жүргізгенін анықтады", - деп хабарлады Алматы ІІД ЖПБ бастығының орынбасары Талғат Ақжігітов.

Шұғыл алдын алу шараларын өткізу кезінде жол полициясының инспекторлары көлік әйнектерін тұмшалау жөніндегі ережелерін бұзған көлік иелерін анықтап, қарсы жол бағыты қозғалысына шыққандарды тоқтатты.

"Көліктің әйнектері тұмшаланған 197 көлік анықталып, көлікті куәліксіз жүргізген екі адам қолға түсірілді. Көше қиылысының ережесін бұзған 22 жүргізушіге айып салынды", - деді Т. Ақжігітов.

Рейд кезінде қырықтан аса жол көлік оқиғасына қызмет көрсетілді, деп хабарлайды Алматының ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны