01.09.2019, 18:45 38753

Алматы қаласы әкімінің атына Түрксіб ауданы тұрғындарынан түскен 70 өтініштің 26-ы шешімін тапты

Қала әкімі Б. Сағынтаев ауданды аралған және тұрғындармен кездескен кезде 70-ке жуық өтініш түскен еді. Олар негізінен тұрғын үй-коммуналдық салаға, жер қатынастарына, жол- көлік және инженерлік инфрақұрылымға қатысты болды.

Алматы. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында Түрксіб ауданының әкімі Павел Кулагин аудан тұрғындарының өзекті мәселелерінің қалай шешілетінін айтып берді.

Қала әкімі Б. Сағынтаев ауданды аралған және тұрғындармен кездескен кезде 70-ке жуық өтініш түскен еді. Олар негізінен тұрғын үй-коммуналдық салаға, жер қатынастарына, жол- көлік және инженерлік инфрақұрылымға қатысты болды.

Мегаполис әкімінің атына түскен 70 өтініштің 26-ы оң шешімін тапты.18 сауалға қатысты түсінік берілді, 26 сұрақ қаралу үстінде.

Мысалы, 31 сұрақ тікелей тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, оның ішінде, инженерных коммуникация салуға орай қойылған:

13 - сумен жабдықтау және кәрізге;

6 - газбен қамтуға;

4 - электрмен қамтуға арналған.

Сұрақтардың 3-і балалар алаңын салуды, 2- і жер қатынастарын жақсартуды өтінген.ПИК-тердің жұмысына, ескі үйлерге, ашық люктарға қатысты бір сұрақтан қойылған.

Бұлардың 5-і шешімін тапты. Әлмерек ықшам ауданы мен Сүйінбай даңғылы бойындағы үйлерге газ желісі тартылады, 2 балалар алаңдары салынуда, қоршаулар сүрілуде, үйлер заңдастырылуда, Әлмерек ықшам ауданында газ магистралі қолға алынады.

Қайрат, Нұршашқан, Әлмерек ықшам аудандарына су, кәріз, электр желілері тартылады, ҚТҚ тасымалдауда жеңілдіктер көрсетілуде, жер учаскелері бөлініп, ескі үйлер сүрілуде, яғни 10 сұрақ бойынша түсінік жұмыстары жүргізілді.

16 сұрақ бойынша жұмыстар жүруде, олар: үйлерді заңдастыру, жеке секторға балалар алңдарын жасау, ықшам ауданға электр желісін жүргізу. Маяк қала балансында, Қайрат ықшам ауданы сумен қамтылады. Боралдай және Жансүгіров көшелеріне кәріз желісі жүргізіледі, "Вокзал-1"аймағындағы тұрғын үйлерге ыстық су беріледі.

"Маңызды сұрақтардың бірі - тұрғын үйлерге газ беру. Әлмерек ықшам ауданына газ желісі тартылды. Соның арқасында 1100 үй газға қосылды, бұл 5 мың адам деген сөз, яғни тұрғындардың тұрмысы жақсаруда", - деп атап өтті П. Кулагин.

Қала әкімі аудан тұрғындарымен кездескен кезде абаттандыруға қатысты 16 сұрақ қойылды, оның ішінде 6 сұрақ жолдар мен тротуарларды жөндеуге, 3 көше жарығына, қалғандары ағаштарды кесуге, жол белгілерін, қоюға, жаяу жүргінші жолдарын реттеуге, арық желілерін салуға қатысты болды.

Қоғамдық көлікке қатысты (11 сұрақ) №41 автобустың қозғалыс интервалы қысқарды, №51 автобустың бағыты өзгерді. Спасская көшесінде бекет кешені салынуда, Нұршашқан, Маяк елді мекендерінен қала орталығына қатынайтын көлік бағытын ашу мәселесі қарастырылуда, №74 бағыттың интервалы қысқаруда.

Бұлардан өзге, әлеуметтік мәселелер, қоғамдық қауіпсіздік оң шешімін табуда.

Түркісб ауданының әкімі биылғы жылдың жеті айы ішінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы да айтты. Өнеркәсіптік өнімнің физикалық индекс көлемі 104,5%-ды құрады. Өндіріс өнімін шығару өсіп, 101,2 млрд теңгеге жетті. 2018 жылмен салыстырғанда өсім - 118,7% ( 2018 жылдың 7 айы ішінде - 86,2 млрд. теңге болған). Қаладағы үлес - 18,4%.

Негізгі капиталдың инвестициялық көлемі артуда - 35,3 млрд теңге, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 175,3%-ды(2018 жылдың 7 айы ішінде 19,4 млрд теңге болған) құрады. Қаладағы үлес - 8,8%.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 78,2 млрд теңгенің салығы жиналды. Бөлшек сауда көлемі 155 млрд теңге немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 112,1% (130 млрд теңге) болды. Көтерме сауда - 481,5 млрд теңге немесе 119%-ке (455,5 млрд теңге) жетті.

Анықтама үшін:

Түрксіб ауданының аумағы 75 мың шаршы метрден астам, мұнда 236 мыңнан астам адам тұрады, 1168 көппәтерлі және 24 678 жеке сектордағы үйлер бар.

7 395 заңды тұлға тіркелген, 477 өндіріс орындары бар (9 ірі, 16 орташа және 452 шағын), бұларда 46 637 адам жұмыс жасайды.

Ауданда білім берудің 135 объектісі (1 жоо, 6 арнайы орташа білім ошақтары, 28 мектеп,100 мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері (22 мемлекеттік, 78 жекеше), 12 денсаулық нысаны (7 емхана мен 5 стационар), 23 діни бірлестіктер, 7 ұлттық-мәдени орталықтар бар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны