12.08.2024, 14:01 22906
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы тағайындалды
Достарға айту
Алматы қаласының әкімінің өкімімен Азиз Кажденбек Жастар саясаты басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Азиз Кажденбек 1993 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы бастаған. Әр жылдары қаладағы үкіметтік емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында қызмет етті. Халықаралық бизнес университетінің (UIB) Жастар орталығының директоры және М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының тәрбие жұмысы департаментінің директоры қызметін атқарды.
Сонымен қатар, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры лауазымында болды.
2023 жылғы наурыз айынан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
13.09.2024, 18:53 30761
Үлбі металлургия зауыты 75 жылдығын атап өтуде
Достарға айту
Үлбі металлургия зауыты 75 жылдығын атап өтуде, деп хабарлайды "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметінен.
Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов кәсіпорын қызметкерлерін мерейтоймен құттықтады.
Атом электр станцияларына арналған жылу бөлетін жинақтар мен отын өндірісі - бұл Қазақстанның жоғары технологиялық жобаларды іске асыруға қабілетті екенінің айқын дәлелі. 2023 жылдың қазан айында Янцзы қаласындағы атом электр станциясына барған кезде зауытымызда өндірілген таблеткалардың реакторға тиелгенін өз көзіммен көргенім ерекше есімде. Бұл біздің әлемдік атом секторына қосқан үлесіміздің айтарлықтай маңыздылығын көрсеткен ерекше сәт болды", - деп атап өтті Қор басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2024, 18:52 30951
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті
Достарға айту
Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан астанасында 8-13 қыркүйек аралығында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынындары мәресіне жетті.
Алты күн бойы ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада Көшпенділер ойындарын ұйымдастыру эстафетасын тапсыру рәсімі өтті.
Келесі Ойындар 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2024, 15:41 31181
Елордада әскери оқу-жаттығу жиындары басталды
Достарға айту
Елордада запастағы жүз әскери міндетті 99255 әскери бөліміне он күндік әскери оқу-жаттығу жиындарына аттанды. Жиын Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің алаңында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Біз кезкті 10 күндік армия жиындарын өткіземіз. Осы күндері запастан шақырылған 100 астаналық теориялық және практикалық сабақтар арқылы қорғаныс дайындығын арттыратын болады. Олар Қорғаныс министрлігінің полигондарының бірінде жауынгерлік дайындықтан өтеді", - деді Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Омар Орынбаев.
Алматы жоғары әскери институтының 2014 жылғы түлегі Нұрбол Құдайбергенов - әскери бөлімге оралып, қызметін жалғастырғысы келетіндердің бірі.
35-ші гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасында екі жыл қызмет еттім. Өкінішке қарай, отбасылық себептеріме байланысты отставкаға кеттім. 2020 жылдан бастап бүгінге дейін жеке кәсіпкермін, ал енді кезекті әскери жиындарға әскери комиссариатқа келдім, әскери бөлімге оралып, қызметімді жалғастырғым келеді", - деді ол.
Жиындарға шақырылған азаматтар осы уақыт аралығында республикалық бюджет қаражаты есебінен орташа айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек қызметінен босатылады.
Ал жұмыссыз азаматтар ел бойынша белгіленген ең төменгі жалақы есебінен төлем алады.
Мен 2003 жылы әскерден босатылдым, 21 жылдан кейін мені оқу-жаттығу жиынына шақырып отыр. Бұл шақыруды қуана қабылдадым осылайша Отан алдындағы борышымды ары қарай жалғастырамын", - деді Астана тұрғыны Қалибек Дүйсембаев.
Елордада әскери міндеттілерді жинау шарасы дәстүрлі түрде әр көктем мен күзде өткізіледі. Әскери жиындар бағдарламасын сәтті меңгергендер кезекті әскери атаққа ұсынылатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2024, 15:38 31371
Бектенов Шымкентте ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінің дамуымен танысты
Достарға айту
Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Қазақстан Премьер-Министрі ауыл шаруашылығындағы өңдеу, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі салаларының өкілдерімен кездесті. Президент Жолдауындағы өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу және экономика өсімінің жаңа нүктелерін дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыру барысы мен шаралары талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-Министр қаланың өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. "Химфарм" фармацевтикалық зауытының аумағында Үкімет басшысына өндірістік қуаттар жыл сайын 1 млрд бірлікке дейін таблеткалар, капсулалар мен түйіршіктер, 250 млн ампула инъекциялық ерітінділер және басқасын шығаруға мүмкіндік беретіні баяндалды. Фармацевтикалық кәсіпорын 89 аталым бойынша дәрілік заттарды жеткізеді. Қаланың фармацевтика саласында кәсіпорынның үлесі 99,2%-ды, республика бойынша - 43%-ды құрайды. Кәсіпорында 897 адам жұмыс істейді. Қызметкерлер Еуропа елдерінде үнемі бейіндік оқытудан және біліктілігін арттырудан өтеді. Үкімет басшысы фармацевтика өнеркәсібіндегі отандық өндірістің үлесін одан әрі арттырудың маңызын атап өтті.
Шымкент қаласының Алтынтөбе елдімекеніндегі "Алан және Компания" джем мен шырын өндіретін кәсіпорнына барған кезде зауыт сағатына 7 тоннаға дейін көкөніс пен жемістерді өңдеуге мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен жабдықталғаны баяндалды. 45 гектар жерге тамшылатып суару жүйесі орнатылған, алма, шабдалы, алмұрт және жүзім өсіріледі. Компанияға "Инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау" бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.
Импортты алмастыру мақсатында 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту жөніндегі кешенді жоспарға саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі қадамдар енгізілді. Ол үшін қайта өңдеу кәсіпорындарын сапалы шикізатпен қамтамасыз ету, сақтау сыйымдылықтары мен технологиялық жабдықтарды жаңғырту үшін инвестицияларды белсенді тарту, сондай-ақ қосымша өндірістік қуаттарды құру көзделген. Премьер-Министр аталған шаралар салаға елеулі қолдау көрсететінін және отандық қайта өңделген өнімдер өндірісін ұлғайтуға ықпал ететінін атап өтті. Бұл ішкі нарықты толтыруға және импортты алмастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы The Coca-Cola Company сауда белгілері бар алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа зауытпен танысты. "Кока Кола Алматы Боттлерс" бірлескен кәсіпорны Шымкент қаласындағы сауда-логистикалық орталықтың аумағында орналасқан. Кәсіпорын газдалған, газдалмаған сусындар мен бөтелкедегі суды өндіреді, зауыттың қуаты - жылына 283 млн литр. 100 жұмыс орнын ашатын жобадағы инвестиция сомасы 27 млрд теңгені құрайды.
Премьер-Министр жергілікті жерлерде инвесторларға көрсетілетін қолдау шараларына, сондай-ақ олар шығаратын өнімнің сапасын үнемі арттырудың маңызына назар аударды. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру аясында дамудың ары қарайғы келешегіне назар аударылды.
Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдерге экономиканың құрылымын өзгерту мәселесіне ерекше назар аударуды, еліміздің орнықты ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа тетіктерді қарастыруды тапсырды. Жеке инвестицияларды тарту маңызды. Жаңа кәсіпорындар ашылады, өйткені бұл экономикалық тұрғыдан тиімді. Сонымен бірге өнеркәсіптің әлеуетін одан әрі ашу қажет. Біздің алдымызда өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, бастапқы өндірістен жоғары деңгейде өңделген өнімдер шығаруға көшу міндеті тұр. Үкімет өз кезегінде инвесторларға ел экономикасы үшін маңызды жобаларды іске асыруда қолдау көрсетеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-Министр бизнесті қолдаудың қолданыстағы шараларының тиімділігі мен нақтылығын одан әрі күшейтудің маңызына назар аударды. Өз кезегінде бизнестен экологияны қорғауға, мектептер мен балабақшаларды және басқа да әлеуметтік нысандарды абаттандыруға, жаңғыртуға үлес қосатын әлеуметтік жауапкершілік күтіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2024, 15:31 31631
Үкімет су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді
Достарға айту
Қазақстан Үкіметі су тасқынын болжау үшін батиметриялық зерттеулерге қаражат бөлді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Президенттің су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Үкімет резервінен батиметриялық зерттеулер жүргізуге шамамен 576 млн теңге бөлінді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Бөлінген қаражат Су ресурстары және ирригация министрлігіне бағытталады. Қаржыландырудың негізгі бөлігі жабдықтар мен техникалық жарақтарды сатып алуға, сондай-ақ зерттеулер жүргізу жөніндегі қызметтерге арналатын болады. Атап айтқанда, қаражатты "Қазсушар" ШЖҚ РМК "Су метрология" филиалына тікелей еліміздің солтүстік, батыс және орталық өңірлерінің су тасқыны қаупі бар учаскелеріне батиметриялық түсірілім жүргізуге бағыттау жоспарланып отыр.
Республикалық маңызы бар су қоймаларына батиметриялық зерттеу жүргізуді қоса алғанда, жұмыстар 2025 жылы жалғасады. Алынған деректер ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-ға су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесіне енгізу үшін беріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2024, 13:25 31866
Алматыда көлік шығарындыларының сапасын талдау үшін спектрометрлер орнатылды
Достарға айту
Экология және қоршаған орта басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен және Алматыда цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі компаниямен бірлесіп, тестілік режимінде көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды өлшеу және талдау үшін пайдаланылатын мамандандырылған аспаптар - спектрометрлер орнатылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Спектрометрлер жолдың қарама-қарсы жақтарына тар учаскелерде орнатылады, көлік құралын тоқтатудың қажеті жоқ, нақты уақыт режимінде (жарық сәулелерінің көмегімен) өтіп бара жатқан көліктердің шығарындылары туралы деректерді жинайды. Процесті автоматтандыру адам факторын жоққа шығарады.
Спектрометрлер көмірқышқыл газы, көміртегі оксиді, азот оксидтері, көмірсутектер және аммиак сияқты заттардың концентрациясын анықтай алады және оптикалық тығыздық арқылы дизельді көліктердің түтінін бағалайды.
Қазіргі уақытта жоба Алматы автопаркі шығарындыларының орташа мәндерін анықтауға бағытталған. Болашақта Sergek бейнебақылау жүйесімен интеграциялау кезінде бұл технология автомобильдердің шығарындылардың рұқсат етілген нормаларынан асатын мемлекеттік нөмірлерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Әзірлеушілердің айтуынша, бұл инновациялық жоба ауа сапасының мониторингін жақсартуға және қалалық жағдайда пайдаланылатын автомобильдер үшін экологиялық стандарттардың сақталуына ықпал етуге арналған. Ұқсас жүйелер бүгінде әлемде тиімді жұмыс істейді, мысалы, EDAR (Emissions Detection and Reporting) және Opus технологиялары Мадрид, Венеция, Берлин, Франкфурт, Лондон, Брюссель, Париж және басқа да ірі қалаларда сәтті енгізілді.
Бастама Алматыдағы ауа сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2024, 13:17 32166
Қазақстан мен Өзбекстан әуе кеңістігін қорғауда бірлескен оқу-жаттығу өткізді
Достарға айту
Қазақстан мен Өзбекстан Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшілері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс мамандарының қатысуымен 10-14 қыркүйек аралығында "Ашық аспан-2024" халықаралық жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқу-жаттығу достас елдер әскери басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс күш-құралдарын бірлесіп қолдану мәселелерін пысықтауға, жауынгерлік кезекшілік атқарудың ерекше жағдайларында командирлердің әскери бөлімдерді басқару бойынша практикалық дағдыларын үйренуге бағытталған.
Оған майдан тікұшақтары, армия және әскери-көлік авиациясының ұшақтары, сондай-ақ Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің күш-құралдары қатысып жатыр. Оқу-жаттығу барысында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары Қырғызстан мен Тәжікстанның әуе кеңістігінде де ұшу жаттығуларын орындайды.
Ашық аспан-2024" жедел-стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ҚР Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың басшылығымен өту үстінде.
Осындай оқу-жаттығуларды тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Олар достас елдердің әскери қызметшілеріне әуе шабуылына қарсы қорғаныс, жауынгерлік есептоптарды үйлестіру жөніндегі бірлескен міндеттерді орындау кезінде практикалық тәжірибе жинақтауға, оған қоса екі елдің қорғаныс қабілетін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Д. Қосанов.
Оқу-жаттығудың ерекшелігі мемлекеттік шекара немесе әуе кеңістігін пайдалану қағидалары бұзылған жағдайларда Әуе қорғанысы күштерінің командалық пункттерімен және шектесіп жатқан мемлекеттердің (Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) басқару пункттерімен өзара іс-қимыл жасау тәртібін пысықтау болды.
Бұдан басқа, "Ашық аспан-2024" бірлескен оқу-жаттығуы шеңберінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының біріккен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі шеңберінде әскерлерді қарсылас авиациясының соққыларын тойтару жөнінде практикалық іс-қимылдарға дайындау жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
13.09.2024, 13:15 32371
Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден қайтарылды
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды
Достарға айту
Діни алауыздықты қоздырды деген күдікті Ресейден қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары өткізген бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде діни алауыздықты қоздырғаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Ресейден қайтарылды.
Күдікті 2016-2017 жылдары Алматы қаласында бірнеше рет діни алауыздықты қоздыруға, азаматтардың діни сезімдерін қорлауға, азаматтардың дінге деген көзқарасы негізінде олардың эксклюзивтілігін, артықшылығын және кемістігін насихаттауға бағытталған әрекеттер жасаған.
Бұл қылмыстың өзге де қатысушылары әртүрлі жауаптылыққа тартылды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін бой тасалап, халықаралық іздеуге жарияланды.
Осыдан кейін, 2017 жылы күдікті Мәскеуде қарақшылық жасап, сотталған.
Ресейде жазасын өтегеннен кейін аталған адам қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға қайтарылды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Аталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.09.2024, 14:07Қазақстанда "Шексіз бауырластық-III" көпұлтты оқу-жаттығуы басталды 10.09.2024, 14:15 66321Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде10.09.2024, 13:58 Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді66316Астықты кептіру үшін фермерлерге 67,7 мың тонна дизель отыны және 5 мың тонна сұйытылған газ бөлінді10.09.2024, 14:22 66146"Самұрық-Қазына" қорында Донор күні өтті10.09.2024, 13:54 66091Президент балаларға арналған IQostanay smart орталығын аралап көрді
28.08.2024, 18:38 116131Қазақстанда бензинді сыртқа шығаруға және алманы автокөлікпен әкелуге тыйым салынды28.08.2024, 17:42 11494639 млрд теңгеден астам қаржылық заң бұзушылықтары және мемлекеттік аудит жүйесін реформалау: бұл туралы Тоқаев пен Смаилов сөз қозғады29.08.2024, 17:19 110741Алматыдағы аудандарда ҚР Конституциясы күніне орай қандай іс-шаралар өтеді29.08.2024, 17:00 106511Алматыда бейбіт жиындар мен шерулер өткізу орындары өзгерді29.08.2024, 16:57 106381Алматыда қала арқылы өтетін негізгі өзендерде көшкін қаупінің картасы әзірленеді