Система Orphus

Алматы халықаралық әуежайында уақытша тіркеу туралы анықтаманы қолдан жасап алған екі Өзбекстан азаматы ұсталды

07.04.2019, 15:41 9019

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - 2019 жылғы сәуірдің бірінші күні шекарашылар Алматы халықаралық әуежайында шекарашылар уақытша тіркеу туралы анықтаманы қолдан жасап алған екі Өзбекстан азаматын ұстады. Бірі 32, екіншісі 24 жаста. Бұлар екі күнде, бірақ бір рейстен, "Алматы - Ташкент" бағытындағы HY-766 әуе рейсінен ұсталды.

"Оңтүстік" және "Солтүстік" өңірлік басқармаларына қарасты "Жібек жолы" (Сарыағаш), "Қордай-авто", "Булаево-теміржол" (Петропавл) өткізу бөлімшелерінде екі өзбекстандық, бір ресейлік есірткі заттарымен ұсталды.

Солтүстік шекарада екі ресейлік пен екі қазақстандықтан қару-жарақ пен арнайы қорғаныс құралдары табылды.

Қостанай шекара отрядына қарасты "Қайрақ-авто" бөлімшесінде Ресейге қарай өтіп бара жатқан 1993 жылғы РФ азаматының жекеменшік "Форт" автокөлігінен "Удар М-2" газ тапаншасы және оның қосалқы аэрозоль баллоны табылып, Қарабалық ауданы бойынша полиция бөліміне тапсырылды.

Аталған отрядтың "Аят-авто" өткізу бөлімшесінде Қазақстаннан шығып бара жатқан 1978 жылғы Ресей азаматшасынан екі електрошокер, Семейдің "Үбе-авто" бөлімшесінде 1961 жылғы қазақстандықтан"POLICE HL-2013" маркалы, Қазақстанға қайтып келе жатқан 20 жастағы отандасымыздан "TW-801TYPE" маркалы электрошокерлер табылып, полиция бөлімдеріне тапсырылды.

Аталған бөлімшеде Ресейден "Тойота Алтеза" автокөлігімен келе жатқан 1979 жылғы қазақстандық ұсталды. Оның көлігінің шанақ VIN коды техникалық паспорттағы жазбалардан бөлек болып шықты.

"Аят-авто" бөлімшесінде сондай-ақ, Қазақстанға енгізуге тиым салынған тауарлар қатарына жататын 1 600 кг комбикормды Ресейден елімізге қарай алып өтпек болған 1982 жылғы қазақстандық "Газель" автокөлігімен шекарадан өткізілмей кері қайтарылды.

"Батыс" өңірлік басқармасына қарасты Ақтөбе шекара отрядының "Жайсаң-авто" бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға қарай фитосанитарлық сертификатсыз біржарым тонна бидай жармасын алып өтпек болған, рұқсат құжаттарынсыз Қазақстаннан Ресейге қарай 66 кг үнді шайын алып өтпек болған және 1530 тонналық автомобильдің қосалқы бөлшектерін алып шықпақ болған үш қазақстандық ұсталды. Актімен Мәртөк аудандық Мемлекеттік кіріс департаментіне өткізілген заттардың жалпы құны - 6 971551 теңгені құрады.

Орал шекара отрядының "Сырым-авто" бөлімшесінде 38 000 кг темір сынықтары мен макулатура Ресейге шығарылмай кері қайтарылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны