02.07.2019, 23:02 9086

Алматы облысында "Дала қыраны 2019" бітімгершілік оқу-жаттығуы аяқталды

Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Тәжістан мен Қырғыстанның әскери қызметшілері оқу-жаттығуға қатысса, Үндістан, Түркия мен Өзбекстан бақылаушылар санатында қатысты.

Нұр-Сұлтан. 2 шілде. Kazakhstan Today - 27 маусым күші "Дала қыраны" халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Оқу-жаттығу Орталық және Оңтүстік Азиядағы аймақтық тұрақтылық пен өзара әрекетті қолдауға бағытталған.

Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Тәжістан мен Қырғыстанның әскери қызметшілері оқу-жаттығуға қатысса, Үндістан, Түркия мен Өзбекстан бақылаушылар санатында қатысты. Жыл сайын өтетін көпжақты оқу-жаттығу Қазақстанның халықаралық қауіпсіздік қауымдастығының мүшесі ретіндегі Құрлықтағы әскерін дамытудағы жетістіктерінің бір көрсеткіші.

Жабылу салтанатына Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозер мен Ұлыбритания Елшісі Майкл Гиффорд, сондай-ақ АҚШ әскерінің орталық басшылығы қолбасшысының орынбасары генерал-майор Дэвид Хилл, Аризона Ұлттық гвардиясы әкімшілік-саптық басқармасының басшысы генерал-майор Майкл Макгваер және сегіз елден келген 400 сарбаз қатысты.

"Соңғы екі аптада "Дала қыраны 2019" оқу-жаттығуы бітімгершілік бойынша әріптес елдерге дәрігерлер дайындау мен жарылғыш заттарды залалдандыру сияқты маңызды салаларда өз қабілеттерін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл дағдылар шынайы бітімгершілік миссия кезінде қолданылатын болады" деп атап өтті Елші Мозер. Оның ойынша, әріптес елдер БҰҰ бітімгершілік миссиясына бірігіп қатысуға дайындалып жатқан кезеңде мұндай оқу-жаттығулар аса қажет. АҚШ әскері орталық басшылығы мен Аризона Ұлттық гвардиясының 120 сарбазы Қазақстанға келіп, өз білімдерімен бөлісті, сондай-ақ өзара сенімді нығайтуға, АҚШ үшін аймақ елдерімен қарым-қатынастың жоғары маңызын көрсетуге үлес қосты. "Дәл осы БҰҰ алдындағы ортақ міндеттемені орындау деген мақсаттың арқасында "Дала қыраны" жаттығуы бірегей әріптестік алаңына айналды", деген ой білдірді Елші Мозер.

Дала қыраны - АҚШ әскері орталық басшылығының жетекшілігімен жыл сайын өтетін халықаралық бітімгершілік оқу-жаттығу. Оны өткізудегі мақсат - аймақтық тұрақтылық пен өзара әрекетті қолдау арқылы түрлі елдердің әскери қызметшілерінің негізгі қабілеттерін мейлінше дамытым, оларды қажет болса коалициялық күш құруға жаттықтыру. Бұған дейін оқу-жаттығу Оңтүстік Каролина штатында өтсе, келер жылы Ұлыбританияда өтеді деп жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны