18.11.2019, 18:22 9160

Алматы облысындағы кәсіпорындарда ағымдағы жылдың 10 айында 24 қызметкер зардап шекті, оның 6 - ы қаза болды

"Ағымдағы жылдың 10 айында республика кәсіпорындарында 1069 адам зардап шекті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға төмен. Оның ішінде 129 адам қаза тапты,бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 22,8 % төмен. Егер Алматы облысы туралы айтатын болсақ, өндірістік жарақаттанудың оң динамикасы сақталуда. Ағымдағы жылдың 10 айында өңір кәсіпорындарында 24 қызметкер зардап шекті, оның 6 - ы қаза болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2-ге артық", - деді ҚР Еңбекминінің басшысы.

Алматы. 18 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов "Жетісу Су құбыры" МКК ұжымымен кездесті. ҚР Еңбекминінің басшысы кәсіпорын басшылығы мен қызметкерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, олардың назарын қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге аударды.

"Жетісу су құбыры" МКК еңбек ұжымымен кездесуде Біржан Нұрымбетов қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері Министрліктің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы 5 жылда өндірістік жарақаттану деңгейі 22% - ға төмендеген. Алайда, жарақаттанудың жоғары деңгейі тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында - 16,2% және құрылыс саласында - 12,8% сақталуда.

"Ағымдағы жылдың 10 айында республика кәсіпорындарында 1069 адам зардап шекті, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2% - ға төмен. Оның ішінде 129 адам қаза тапты,бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 22,8 % төмен. Егер Алматы облысы туралы айтатын болсақ, өндірістік жарақаттанудың оң динамикасы сақталуда. Ағымдағы жылдың 10 айында өңір кәсіпорындарында 24 қызметкер зардап шекті, оның 6 - ы қаза болды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2-ге артық", - деді ҚР Еңбекминінің басшысы.

Сонымен қатар, ол жазатайым оқиғалардың негізгі себептері қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеу, қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне оқытуды жүргізбеу болып табылатынын атап өтті.

"Егер бар мәселелерге қысқаша тоқталсақ, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын сақтау ерекше алаңдаушылық тудырады, онда жыл сайын су құбыры мен кәріз жүйелерін жөндеу кезінде адамдар қаза болады. Ағымдағы жылы республиканың коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында 46 қызметкер зардап шекті,оның 11-і қаза болды. Алматы облысында соңғы екі жылда коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында 7 адам қаза тапты. Жазатайым оқиғалардың себептері жоғары қауіпті жұмыстарды жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзу және кәріздік газ қоспасымен қатты улану болды", - деп толықтырды Біржан Нұрымбетов.

Осындай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі коммуналдық қызметтердің тізімін дайындады, оларға қатысты Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына жоспардан тыс тексерулер жүргізу туралы ұсыныс енгізілетін болады.

Сонымен қатар, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша ағымдағы жылдың 10 айында республика бойынша 47 лауазымды тұлға қызметінен босатылды. Құқық қорғау органдарына 820 материал жіберілді, олар бойынша 116 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде Алматы облысы бойынша 20 іс берілді, олар бойынша қылмыстық іс қозғалмаған. Жұмысшылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіпке байланысты, мемлекеттік еңбек инспекторларының талабы бойынша 11 құрал-жабдық, 2 өндірістік нысан және 7 ұйымның қызметіне тыйым салынды. Алматы облысы бойынша тыйым салу фактілері болған жоқ.

"Өндірістік жарақаттануды одан әрі төмендету үшін осы жылдан бастап "Қауіпсіз еңбек" ақпараттық науқаны басталды. Сондай-ақ Қазақстанда "Vision Zero" нөлдік жарақаттану тұжырымдамасын енгізу жоспарлануда. 17 маусымда Женевада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы арасында меморандум жасалды. Өңірлердің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармалары әлеуметтік әріптестермен бірлесіп кәсіпорындарды "Vision Zero" тұжырымдамасына қосу бойынша ақпараттық кампания өткізеді. Бүгінде республиканың 51 кәсіпорны оған қосылды. Алайда, бұл тұжырымдамаға Алматы облысында бірде-бір кәсіпорын қосылмаған. Осыған байланысты еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, өңірдегі кәсіпорындарда "Vision Zero" тұжырымдамасын енгізу бойынша жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстарын жандандыру қажет", - деді Біржан Нұрымбетов.

Ол сондай-ақ, ҚР Еңбекмині еңбекті қорғауды басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ұйымда еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені әзірлеу мен бекітуді және жұмыс берушінің жұмыс орындарында кәсіптік тәуекелдерге бағалау жүргізу міндетін заңнамалық бекітуді, кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес құру мерзімін қарастыратын Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар дайындалғанын атап өтті. Тиісті заң жобасы ҚР Парламенті мәжілісінде қаралады.

"Сондай-ақ, ағымдағы жылдың маусым айында Үкімет 2019-2023 жылдарға арналған Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын төмендету бойынша Жол картасын бекіткенін еске салғым келеді. Әкімдік пен әлеуметтік серіктестер оның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Әлеуметтік әріптестіктің барлық тараптарының бірлескен күш-жігерімен ғана біз қызметкерлер үшін салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ете аламыз", - деп түйіндеді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар және Ақмола облыстарында түсіндірді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны