19.03.2020, 19:43 5959

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдігіне ілікті

Олар ЖШС жертөле ғимаратын мемлекеттік баланстан есептен шығару және жалпы қамқорлығы үшін бір топ адамнан 700 000 теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.

Алматы. 19 наурыз. Kazakhstan Today - Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдігіне ілікті.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаныс саласындағы апат тәуекелдерін азайту және бақылау басқармасының бастығы мен Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің оңтүстік аймағы бойынша жедел кезекшісіне қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Олар ЖШС жертөле ғимаратын мемлекеттік баланстан есептен шығару және жалпы қамқорлығы үшін бір топ адамнан 700 000 теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді.

Күдіктілер кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны