14.10.2019, 19:21 11555

"Алматы" әуежайында шекарашылар екі Ирандықты Италия Республикасының қолдан жасалған паспортымен ұстады

"Алматы" өткізу пунктінің шекарашылары жалған құжат ұсынған псевдоиталияндықтардан Иран азаматтарының паспортын тауып алды. Құқық бұзғандар анасы мен қызы екені белгілі болды.

Нұр-Сұлтан. 14 қазан. Kazakhstan Today - "Алматы" әуежайында шекарашылар екі Ирандықты Италия Республикасының қолдан жасалған паспортымен ұстады, деп хабарлайды ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

2019 жылғы 12 қазан күні 06.30-да "Алматы" әуежайындағы "Алматы" өткізу пунктінде шекарашылар Италия Республикасының жалған паспортымен "Стамбул - Алматы" бағытымен ұшпақ болған екі Иран азаматын анықтады.

Шекара наряды рейсті ресімдеу кезінде бақылауға ұсынылған құжаттардағы Италия паспорттарының жасандылығын анықтады. Соңынан бұл құжаттарды ұсынған Иран азаматтары екендігі белгілі болды. Құжаттарды тексеретін Шекара наряды аталған паспорттарға тереңдетіп тексеру жүргізді және ұсынылған Италия паспорттары бектілген үлгіге сәйкес келмейтіндіктен толық жасанды болып шықты.

"Алматы" өткізу пунктінің шекарашылары жалған құжат ұсынған псевдоиталияндықтардан Иран азаматтарының паспортын тауып алды. Құқық бұзғандар анасы мен қызы екені белгілі болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны