Система Orphus

Алматыда 2000-ға жуық әскери қызметші ПТР мен коронавирусқа экпресс-тест тапсырды

27.04.2020, 13:33 10099

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда 2000-ға жуық әскери қызметші ПТР мен коронавирусқа экпресс-тест тапсырды.

Алматы гарнизонының 2000-ға жуық әскери қызметшілері ПТР-тест пен коронавирустық инфекцияға шұғыл тестілеуден өтті. Олар дезинфекциялық жұмыстарға, тосқауыл бекеттерінде кезекшілік атқаруға, сондай-ақ патрульдеуге қатысады.

Сәуір айының соңына дейін гарнизон бойынша тағы 1500 әскери қызметші анализ тапсырады.

Коронавирусты анықтайтын ПЦР-тест (полимеразды тізбекті реакция әдісі) мұрынның шырышты қабатынан алынған жағынды негізінде жасалады. Алынғаннан кейін нәтиже ДНҚ және РНҚ коронавирус болуына байланысты анықталады. Сондай-ақ, ол вирус жұқтырғаннан кейін анықталады. Экспресс-тест әдісімен тексеру үшін саусақтан қан алынады, ол коронавирусқа антиденелердің болуына зерттеледі.

Әскери дәрігерлердің айтуынша, экспресс-тестілер инкубациялық кезең кезінде вирустың болуын анықтамайды,ал оң нәтиже болған жағдайда қосымша тексеру талап етіледі.

Алматы гарнизонының әскери қызметшілері төтенше жағдай және карантин режимін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларға белсенді қатысады. Әскери қызметшілер Алматының барлық аумағы бойынша патрульдеуді жалғастыруда, сондай-ақ полиция және Ұлттық гвардия өкілдерімен бірлесіп күн сайын қаланың кіру және шығу бағыттары бойынша тосқауыл бекеттерінде қызмет атқарады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны