26.08.2019, 13:01 62805

Алматыда Қазақстанға Белоруссиядан Ресей азаматының төлқұжатымен кірмек болған қырғыз азаматы ұсталып, депортацияланды

Кейіннен анықталғандай, ұсталған азамат 1993 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматы екен. "Алматы-Бішкек" бағытындағы КС-109 әуе рейсімен депортацияланды.

Нұр-Сұлтан. 26 тамыз. Kazakhstan Today - Алматы халықаралық әуежайында Қазақстанға Белоруссиядан Ресей азаматының төлқұжатымен кірмек болған Қырғыз Республикасының азаматы ұсталып, депортацияланды.

Алматы шекаралық бақылау отрядының шекара наряды "Минск -Алматы" бағытымен ұшып келген № В2-767ОПК әуе рейсін ресімдеу барысында тексеруге 1990 жылғы Ресей азаматының төлқұжатын ұсынған азамат ұсталды. Кейіннен анықталғандай, ұсталған азамат 1993 жылы туған Қырғыз Республикасының азаматы екен. "Алматы-Бішкек" бағытындағы КС-109 әуе рейсімен депортацияланды.

Дәл осыған ұқсас оқиға Қорғаста да болды. Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығының аумағына кіру үшін,тексеруге 1990 жылғы Қазақстан азаматының төлқұжатын ұсынған азаматтың шындығында 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы екендігі анықталып, Панфилов аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Есірткі құрамдас өсімдік алқабы жойылды.Петропавл шекара отрядының "Қасқат" заставасының шекарашылары өздерінің жауапкершілік аумағында орналасқан Аққулы (Лебяжье) және Конюхово елдімекендерінің арасынан жалпы көлемі 2-гектарға жуық жабайы қарасора алқабын тауып, ауылдық округ әкімшілігі, аудандық ТЖ бөлімінің өкілдері және учаскелік полиция инспекторының қатысуымен, салмағы шамамен 500 кг тартатын 2000 түпке жуық есірткі құрамдас қурайды өртеп, көзін жойды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны