08.02.2019, 23:29 14095

Алматыда биылғы жылы 120-дан астам көше жөнделеді

Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жалғасады, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында, сонымен қатар Рысқұлов даңғылы, Құлжа тракті мен Емцов көшесінің бойында жолайрықтары салынады. "Әуежай" айналымы аталып кеткен Бухтырма көшесі мен Құлжа трактінің қиылысында жаңа жолайрығын салу жоспарланған.

Алматы. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Биылғы жылы Алматыда 120-дан астам көше жөнделеді. Бұлардан өзге қаланың алты ықшам ауданда ұзындығы 50 шақырымнан асатын жаңа жолдар салынады.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының (Қалалық мобилділік басқармасы болып өзгереді) ақпараты бойынша мегаполисте жаяу жүргіншілер үшін жаңа тротуарлар салынады және BRT желісі бойынша Жандосов көшесін реконструкциялау аяқталады.

Абай даңғылы мен Сайын көшесін үңгілеу жалғасады, Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысында, сонымен қатар Рысқұлов даңғылы, Құлжа тракті мен Емцов көшесінің бойында жолайрықтары салынады. "Әуежай" айналымы аталып кеткен Бухтырма көшесі мен Құлжа трактінің қиылысында жаңа жолайрығын салу жоспарланған.

Қала әкімі жұмыстарды барынша сапалы және қысқа мерзімде аяқтауды және қала тұрғындарына барынша жағдай жасауды тапсырды. Тротуарлар мен арық желілерін абаттандыруға, қолданылмайтын конструкцияларды алып тастауға, жасылдандыруға ерекше назар аударылады. Әр объектіде мердігер компания директорымен, техникалық бақылау жасайтын ұйыммен байланыс нөмірі және жұмыстың аяқталу мерзімі жазылған паспорт орнатылады.

Айта кетерлігі, бұрындары Алматыда 524 көше жөнделген еді, оның ішінде BRT желісі бойынша Мұстафин, Сүлейменов, Тимирязев көшелері қайта жаңарды. Назарбаев даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейін теміржол эстакадасы арқылы, сонымен қатар Хмельницкий көшесі, Сүйінбай даңғылынан Жас қанат ықшам ауданында дейін үңгілеу жұмыстары атқарылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны