13.09.2024, 13:25 59481

Алматыда көлік шығарындыларының сапасын талдау үшін спектрометрлер орнатылды

Алматыда көлік шығарындыларының сапасын талдау үшін спектрометрлер орнатылды
Экология және қоршаған орта басқармасы Алматы қаласының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен және Алматыда цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі компаниямен бірлесіп, тестілік режимінде көлік құралдарының пайдаланылған газдарындағы заттарды өлшеу және талдау үшін пайдаланылатын мамандандырылған аспаптар - спектрометрлер орнатылды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Спектрометрлер жолдың қарама-қарсы жақтарына тар учаскелерде орнатылады, көлік құралын тоқтатудың қажеті жоқ, нақты уақыт режимінде (жарық сәулелерінің көмегімен) өтіп бара жатқан көліктердің шығарындылары туралы деректерді жинайды. Процесті автоматтандыру адам факторын жоққа шығарады.

Спектрометрлер көмірқышқыл газы, көміртегі оксиді, азот оксидтері, көмірсутектер және аммиак сияқты заттардың концентрациясын анықтай алады және оптикалық тығыздық арқылы дизельді көліктердің түтінін бағалайды.

Қазіргі уақытта жоба Алматы автопаркі шығарындыларының орташа мәндерін анықтауға бағытталған. Болашақта Sergek бейнебақылау жүйесімен интеграциялау кезінде бұл технология автомобильдердің шығарындылардың рұқсат етілген нормаларынан асатын мемлекеттік нөмірлерін автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді.

Әзірлеушілердің айтуынша, бұл инновациялық жоба ауа сапасының мониторингін жақсартуға және қалалық жағдайда пайдаланылатын автомобильдер үшін экологиялық стандарттардың сақталуына ықпал етуге арналған. Ұқсас жүйелер бүгінде әлемде тиімді жұмыс істейді, мысалы, EDAR (Emissions Detection and Reporting) және Opus технологиялары Мадрид, Венеция, Берлин, Франкфурт, Лондон, Брюссель, Париж және басқа да ірі қалаларда сәтті енгізілді.

Бастама Алматыдағы ауа сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны