14.11.2019, 19:48 18932

Алматыда Тұрақты даму мақсаттары сұрақтары бойынша алғашқы аймақтық саммиті өтеді

Өткізілген зерттеулернің нәтижесіне сәйкес, Қазақстан 20 млрд м3 жуық су қолданады, оның 14 млрд м3 (68%) ауылшаруашылық мақсатта, 2 млрд м3 өнідірістік мақсатта және 1 млрд м3 жуығы коммуналдық қажеттіліктер мен шағын бизнес қажеттілігіне жұмсалады.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 15-16 қараша күндері Алматы қ,. БҰҰ Үйінде Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) сұрақтары бойынша алғашқы аймақтық Саммиті өтеді. Самиттің күн тәртібіндегі басты тақырып су ресурстарымен қамтамасыз ету және сол ресурстарды саналы қолдану жолдары, барлық адам үшін санитария, қымбат емес әрі сенімді энергия көздеріне қосылу, сондай-ақ климаттың өзгеруі және оның салдарымен күрес шараларын қабылдау сынды мақсаттарды қаржыландыру мәселелерін шешу болып табылады. Халықаралық сарапшылар Орталық Азия елдерімен мемлекет, бизнес және әлемдік институттар ынтымақтастығының аясында ТДМ қаржыландыру тәжірибелерімен бөліседі.

Саммит жұмысына Орталық Азия елдері үкіметінің өкілдері, сондай-ақ экология, қаржы, құрылыс және туризм саласындағы отандық және халықаралық жетекші сарапшылар қатысады. Қазақстан тарапынан Ұлттық экономика вице-министрі Жасұлан Мадиев, "Астана халықаралық қаржы орталығының" жетекшісі Қайрат Келімбетов, "Қазақтуризм" ҰҚ басқарма басшысы Ержан Еркінбаев және басқа да үкіметтік сектор өкілдері қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ спикерлердің қатарында Нобель сыйлығының иегері Рае Квон Чунг, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты координаторы Норимаса Шимомура, Орталық және Батыс Азия бойынша АДБ бас директоры Вернер Липак, БҰҰДБ-ның Қазақстанның тұрақты өкілі Якуп Бериш, БҰҰДБ-ның Стамбұлдағы өңірлік хабының менеджері Герд Трогеманн, Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отунбаева, Дүниежүзілік Банк өкілдері және бірқатар отандық сарапшылар болады.

Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) негізгі экологиялық, әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша жалпы түсінік беретін және өзгерістердің қозғалыш күші болатын халықаралық деңгейде мақұлданған концепция болып табылады. Қазақстанның жекелеген даму көрсеткіштерінің анализі елдің өткен жылдармен салыстарғанда елдің жағымды өзгерістерін көрсетеді: кедейлік деңгейі 1996 жылғы 34,5%-дан 2018 жылғы 4,7 %-ға дейін қысқарған, Адами даму Индексінде Қазақстан 189 елдің арасында 58 орын алады, Қазақстанның 15 жастан жоғары азаматтарының 99,8 %-ы жоғары білімділік дейгейіндегі халыққа кіреді. Соңғы 10 жылда Қазақстан Дүниежүзілік "Doing Business" рейтингінде басты реформатор атанып, 2019 жылы 190 елдің арасында бизнеспен айналысу мүмкіндіктері бойынша 25 орын алған болатын.

Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттары күн тәртібінің қолданылуы мен жүзеге асуы халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болды. Дегенмен Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Қазақстан, өзге де Орталық Азия елдері сынды климаттың өзгеруі мен жаhандық тосқауылдарға осал елдер тобына кіреді. Сол себепті алдағы екі күндік Саммит бірқатар маңызды сессиялардан тұрады: Планетаға назар аудару: су ресурстары, энергетика мен климаттың өзгеруі; Серіктестікке назар аудару: аймақтық ынтымақтастықты нығайту. Шара барысында Қазақстанның 2019 жылы су, энергия және климат мәселелері бойынша тұрақты даму бағытындағы жеткен жетістіктері бойынша Зерттеу нәтижесі назарға ұсынылатын болады.

Өткізілген зерттеулернің нәтижесіне сәйкес, Қазақстан 20 млрд м3 жуық су қолданады, оның 14 млрд м3 (68%) ауылшаруашылық мақсатта, 2 млрд м3 өнідірістік мақсатта және 1 млрд м3 жуығы коммуналдық қажеттіліктер мен шағын бизнес қажеттілігіне жұмсалады. 2030 жылға қарай, өсіп бара жатқан су қажеттілігі мен тұрақты су қорларының азаюы салдарынан 14 млрд м3 көлемінде су тапшылығы болады деп күтілуде. Ал 2050 жылы тиісті шаралар қолданылмаған жағдайда, бұл көрсеткіш 20 млрд м3 (жалпы су қажеттілігінің 70%-ы!) құрауы мүмкін. Қазіргі климаттық өзгерістер жғдайында су ресурстарының тапшылығы тағы 13 %-ға ұлғаяды. Су ұлттық қауіпсіздік пен тәуелсіздік сұрағына айналады. 2030 жылы су тапшылығы бойынша бар мүмкіндіктерді қолданбау салдары жылына 7-8 млрд АҚШ доллары көлемінде шығын әкеледі деп бағаланып отыр.

Алғашқы аймақтық Саммит БҰҰ Даму Бағдарламасы мен Азиялық Даму банкінің қолдауымен ҚР Үкіметі ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны