09.01.2025, 16:58 120996

Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты

Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жаңа жыл қарсаңында Алматының медициналық жедел жәрдем қызметінің автопаркі JAC Sunray маркалы 48 заманауи автокөлік алды. Оның 12-сі "С" класты және 36-сы "В" класты көлік, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жаңа көліктер реанимациялық құрылғылар, дефибрилляторлар, электрокардиографтар, өкпені жасанды желдету аппараттары және т.б. құралдар сынды әлемдік брендтердің заманауи медициналық жабдықтарымен жабдықталған. Бұл медициналық жедел жәрдемді жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.

Автопарк Алматы қаласы әкімдігінің және Қоғамдық денсаулық басқармасының қаржыландыруы арқасында жаңарды. Келесі жылы тағы 50 жедел жәрдем көлігін сатып алу жоспарланған.

Күн сайын 186 бригада кезекшілік атқарып, 3 мыңнан астам шақыртуға жауап қызмет көрсетеді.

2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 990 мыңнан астам шақыру орындалды. Бірінші және үшінші санаттағы шақыруларға жету уақыты орта есеппен 12,6 минут, бұл ұлттық стандарттарға сәйкес келеді. Осы кезеңде 142 сәтті реанимация жасалды.

Бүгінде Алматы қаласының жедел жәрдем қызметі қаланың әр ауданында орналасқан 13 қосалқы станциядан тұрады, бұл шақыруларға жылдам жауап беруді қамтамасыз етеді. 2024 жылдың жазында Алтай-1 шағын ауданында жаңа қосалқы станция ашылды, бұл жедел көмек көрсету қызметін одан әрі қолжетімді етті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны