12.02.2020, 23:38 6275

Алматының Жетісу ауданында қылмыс саны 46%-ға азайды

М.Қиқымовтың айтуынша, ауданда полицияның 4 модульд постысы орнатылды. Нәтижесінде азаматтардың өтініштері дер кезінде назарға алынуда, профилактикалық жұмыстар мен қылмысты ашудың тиімділігі артуда.

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматының Жетісу ауданында қылмыс саны 46%-ға азайды.

Алматы қаласы әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жетісу ауданында полицияның 2 учаскелік пункті Көкжиек ықшамауданы мен Есенов көшесі 154/4 мекенжайында ашылды. Осы және қоғамдық қауіпсіздікті қаматамасыз ету туралы өзге де шаралар туралы Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімдігінде өткен брифингте хабарлады.

М.Қиқымовтың айтуынша, ауданда полицияның 4 модульд постысы орнатылды. Нәтижесінде азаматтардың өтініштері дер кезінде назарға алынуда, профилактикалық жұмыстар мен қылмысты ашудың тиімділігі артуда.

"Модульді постылар Мерей, Солтүстік айналым, Сәлем базарының жанында, Айнабұлақ және Федеров көшесінде, Жұмысшы поселкесі сияқты криминогендік участкелерде орнатылған.", - деп хабарлады М.Қиқымов.

2019 жылдың 15 қарашасынан бастап модульді постыларға 416 азамат жүгінді, нәтижесінде 37 әкімшілік іс қозғалды, 155 өтініш бойынша шұғыл әрекет ету шаралары қабылданды, екі жүз жиырма төрт азаматқа заң көмегі көрсетілді және құқықтық кеңес берілді.

Жетісу ауданының әкімі атап өткендей, полицияның модульді посттарын іске қосу азаматтардың өтініштерінің дер кезінде назарға алыну, профилактикалық жұмыстар мен қылмысты ашудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша аудан көшелері мен жолдарында ЖКО алдын алу күшейтілді. 2019 жылдың ішінде "Сергек" бейнетіркеу жүйесінің 46 видео бекеті орнатылды.

"Тұрғындардың көптеген өтініштері камералар бойынша келіп түседі, жылдамдық режимі орнатылған жерге камераларды орнатуды сұрайды. Қосымша тағы да "Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендер орнатуды жоспарлап отырмыз",- деді М.Қиқымов.

Жетісу ауданының әкімі осы шаралардың арқасында өткен жылмен салыстырғанда аудан бойынша қылмыс деңгейі 46%-ға төмендегенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны