25.09.2007, 15:17 2903

Алтай аймағында ресейлік арнайы қызмет өкілдері есірткінің ірі партиясын тасымалдады деген күдікпен Қазақстан азаматын тұтқындады

Алтай аймағында ресейлік арнайы қызмет өкілдері есірткінің ірі партиясын тасымалдады деген күдікпен Қазақстан азаматын тұтқындады.

Павлодар. 25-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Алтай аймағында ресейлік арнайы қызмет өкілдері есірткінің ірі партиясын Ресей аумағына жеткізуді ұйымдастырды деген күдікпен Қазақстан азаматын тұтқындады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) Алтай аймақтық басқармасының баспасөз хатшысы Нелли Чайкина хабарлады.

"Күдіктіні анықтау шұғыл әрекеті өткен сәрсенбі, 19-қыркүйек күні аймақтың Крутихин ауданының Крутиха ауылында сәтті іске асырылды", - деп түсіндірді Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының баспасөз хатшысы Нелли Чайкина.

Баспасөз хатшысының ақпаратына сәйкес, Қазақстан азаматы пайдаланған автокөліктен шұғыл әрекет қызметкерлері құпия қалта тапқан. Онда қоңыр түсті 10 орама зат болған. Алдын-ала сараптау мәліметі бойынша, орама ішінде жалпы салмағы 10 келі тартатын шикі апиын болып шыққан. Бұл есірткінің ірі көлемі болып табылады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Нелли Чайкина хабарлағандай, "Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) басқармасының ойынша шекаралық аудан ретінде халықаралық есірткі арнасында Алтай аймағы қылмыстық топ тарапынан Ресей аумағындағы бірінші және маңызды буын ретінде қарастырылған. Сондай-ақ оны белсенді пайдалану көзделген".

Сондай-ақ, баспасөз қызметінде 20-қыркүйек күні Қазақстан азаматына қатысты Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Басқармасының тергеу бөлімшесі қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Тұтқындалушыға Ресей Федерациясы Қылмыстық Кодексінің 228 бабының 1 тармағы (өте үлкен көлемде есірткі өнімдерін өндіру, алу немесе тасымалдау) қарастырған қылмыстық айып тағылған. Айыпты деп танылған жағдайда Қазақстан азаматына кемінде 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза жүктеледі. Тұтқындалушының кім екендігі және аталмыш операцияның өзге де жайттары тергеу амалдарына сәйкес әзірге жарияланған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны