10.12.2011, 12:04 3224

"Алтын сапа" сыйлығының лауреатына үміткер кәсіпорындар саны бес жыл ішінде үш жүзден мыңға дейін артқан

"Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атану және "Қазақстанның үздік тауары" жоғары бағасына ие болу - үлкен абырой. 2006 жылмен салыстырғанда, үміткер кәсіпорындар саны үш жүзден мыңға дейін артқан. Сондай-ақ "Парыз" сыйлығы әлеуметтік даму мәселесінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті нығайтуға маңызды үлес қосты. Байқауға қатысушылардың саны екі есеге артты. Конкурсанттар 119 млрд. теңгені құрайтын 370 әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында лауреат атанып, награда алу - зор құрмет. Барлық қазақстандық кәсіпорындар осы деңгейге жетуге ұмтылуы керек.

Астана. 10-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Алтын сапа" сыйлығының лауреатына үміткер кәсіпорындар саны бес жыл ішінде үш жүзден мыңға дейін артқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, президент бүгінде, Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта, өнім сапасын арттыру мәселесі басымдыққа ие екенін атап өтті.

"Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атану және "Қазақстанның үздік тауары" жоғары бағасына ие болу - үлкен абырой. 2006 жылмен салыстырғанда, үміткер кәсіпорындар саны үш жүзден мыңға дейін артқан. Сондай-ақ "Парыз" сыйлығы әлеуметтік даму мәселесінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті нығайтуға маңызды үлес қосты. Байқауға қатысушылардың саны екі есеге артты. Конкурсанттар 119 млрд. теңгені құрайтын 370 әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. Тәуелсіздіктің 20 жылдығында лауреат атанып, награда алу - зор құрмет. Барлық қазақстандық кәсіпорындар осы деңгейге жетуге ұмтылуы керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны