«Қалыпты консулдық тәжірибе»: Сыртқы істер министрлігі NAVAI ұсталғаннан кейін Ресей жолдаған нотаға түсініктеме берді
Сыртқы істер министрлігі қажетті ақпаратты алу үшін құқық қорғау органдарына сұрау жолдайды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей тарапының ұсталған РФ азаматтары туралы ақпарат беру жөніндегі нотасына түсініктеме берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай өтініштер консулдық жұмыстағы қалыпты тәжірибе болып саналады.
"Сыртқы істер министрлігіне Ресей тарапынан ұсталған Ресей Федерациясы азаматтары мен олардың қайда екені туралы ақпарат беру жөнінде нота келіп түсті. Бұл консулдық жұмыстағы қалыпты тәжірибе", - деп хабарлады министрлік.
Сыртқы істер министрлігі қажетті ақпараттар алу үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарына тиісті сұрау жолдайтынын да атап өтті.
Естеріңізге сала кетсек, 13 қазанда Жамбыл облысындағы "Қордай" өткізу пунктінде ресейлік әнші NAVAI ұсталғаны хабарланған болатын. Полицияның хабарлауынша, ол мінген автокөлікті тексеру барысында тыйым салынған зат табылған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
