02.10.2018, 14:56 5290

Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандарын аралады

Алматы облысында балалар неонаталдық хирургиясын дамытуға ден қоюда. Бұл туралы кеше облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандарын аралауы барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Талдықорған. 2 қазан. Kazakhstan Today - Алматы облысында балалар неонаталдық хирургиясын дамытуға ден қоюда. Бұл туралы кеше облыс әкімі Амандық Баталовтыӊ Талдықорған қаласындағы құрылыс нысандарын аралауы барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Облыс басшысы А. Баталов алдымен облыстық көпсалалы балалар ауруханасыныӊ жанынан салынған қосалқы ғимараттыӊ құрылысымен танысты. Өткен жылдыӊ мамыр айында басталған ғимараттыӊ құрылысы бүгінде толығымен аяқталған. Қазір мұнда еӊ озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтар орнатылуда.Бұл ғимарат балалар неонаталдық хирургия бөлімі ретінде қызмет көрсетпек. Мамандардыӊ айтуынша, бұл жаӊа бөлім нәресте өлімін азайтуға, түрлі ақаулармен дүниеге келген сәбилерге ота жасау арқылы өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Аурухана жанынан салынған қосалқы ғимарат құрылысыныӊ құны - 896,2 млн. теӊге. Құрылыс жұмыстарын "Алматы-Construction БМ" жүргізген.

Ғимараттағы палаталарды, жан сақтау, таӊу және басқа да бөлмелерді аралап көрген облыс әкімі А. Баталов оларда орнатылып жатқан медициналық құрал-жабдықтардыӊ, жиһаздардыӊ сапасына назар аударып, кереуеттерді ауыстыруды тапсырды. Сол сияқты аурухананыӊ жылыту маусымына дайындығын тағы бір мәрте пысықтау керектігін ескертті. Ауласын толық абаттандыруымен қоса қазіргі қолданыстағы балалар ауруханасын жөндеуді келесі жылдыӊ жоспарына енгізу тапсырылды.

Мұнан соӊ орталық алаӊдағы фонтандарды жөндеу мен жаӊа фонтандар орнату ісімен, оныӊ іргелес алаӊындағы жұмыстармен танысты. Жетісудыӊ жеті өзенін бейнелейтін жеті субұрқақтыӊ құрылыс жұмыстарымен "Асат Құрылыс" мекемесі айналысуда. Сонымен қатар алаӊныӊ айналасы абаттандырылып, мұнда өсімдіктіӊ 200-ге жуық түрі отырғызылатын болады. Бұл көркейту жұмысына "Polesie" ЖШС кірісіп жатыр. Серіктестік директоры Елена Чернецкая облыс басшысына көгалдандыру бойынша атқарылатын жұмысты баяндап берді. Оныӊ айтуынша, мұнда жемісті-декоративті ағаштардыӊ, бұталардыӊ, гүлдердіӊ, көгалдыӊ түстерін және формаларын үйлестіруге баса назар аударылады. Мұнда ландшафтық дизайны шығыс стиліндегі тақырыптық бақ орнатылмақ. Облыс әкімі А. Баталов субұрқақ еденініӊ төсемелеріне, алаӊды көгалдандыру дизайнына, жаяу жүргіншілер жолын төсеу бағыттарына қатысты бірқатар ескертпелер айтып, жоспарға өзгерістер енгізді.

Тәуелсіздік көшесі, 124 үйдіӊ абаттандырылған ауласына барған облыс әкімі А.Баталов мұндағы көптеген кемшіліктерді көрсетіп берді. Аула қоршауыныӊ қоӊырмен, футбол алаӊы қоршауыныӊ көкпен боялуы көзге бірден оғаш көрінеді. Ал орнатылған орындық пен қоқыс жәшіктерініӊ сапасы да көӊіл көншітпейді. Футбол алаӊыныӊ ішкі төсемелеріне қатысты да облыс әкімі тарапынан сын айтылды. Жасалған ескертпелер негізінде мердігер компания жұмысты қайта жасайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны