02.10.2015, 20:55 4394

Америка Құрама Штаттарына сапар қорытындысына арналған жұмыс бабындағы кеӊес

Кеӊеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Икімшілігініӊ басшысы Н.Нығматулин, сондай-ақ Президент Икімшілігініӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ басшылары қатысты

Астана. 01 Қазан. Kazakhstan Today - Кеӊеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Икімшілігініӊ басшысы Н.Нығматулин, сондай-ақ Президент Икімшілігініӊ құрылымдық бөлімшелерініӊ басшылары қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊес барысында Қазақстан Президенті АҚШ-қа сапар айтарлықтай нәтижелі болғанын атап өтті.

Біз үш бірдей ірі шараға - жалпы дебатқа және екі саммитке қатыстық. Сондай-ақ көптеген кездесу өткіздік, солардыӊ маӊыздылары АҚШ Президентімен және Американыӊ ірі компанияларыныӊ басшыларымен келіссөздер болды, - деді Мемлекет басшысы, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев біздіӊ республикамыз ұсынған бастамалар халықаралық қоғамдастық тарапынан жоғары баға алғанын, енді оларды жүзеге асыру үшін өзге елдермен бірлесе жұмыс жүргізу қажеттігін айтты.

Соӊында Мемлекет басшысы Президент Икімшілігіне, Үкіметке және Сыртқы істер министрлігіне бірқатар нақты тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны