24.04.2015, 21:00 4516

Аналогтік және сандық эфирлік телевизияныӊ хабар таратуы ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырылды

Intelsat-904 байланыс спутнигініӊ қызметінде олқылықтар туындап, Отау ТВ абоненттері үшін телерадио хабарларын тарату жүйесі бұзылған соӊ "Қазтелерадио" АҚ жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырып жатыр.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Intelsat-904 байланыс спутнигініӊ қызметінде олқылықтар туындап, Отау ТВ абоненттері үшін телерадио хабарларын тарату жүйесі бұзылған соӊ "Қазтелерадио" АҚ жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырып жатыр. Бұл туралы "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметінен хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жағдайды оӊалту үшін "Қазтелерадио" АҚ мамандары шұғыл түрде жер үстілік желілерін ҚазСат-2 резервтік спутнигіне ауыстырды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Аналогтік және сандық эфирлік хабар тарату ҚазСат-2 спутнигінен жүзеге асырылады.

Кабельді телевидение операторлары қабылдау құрылғысын ҚазСат-2 спутнигіне байланыстыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Intelsat-904 байланыс спутнигініӊ жұмысында туындаған ақаулықты Intelsat Global компаниясы анықтауда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны