28.11.2008, 18:46 2601

Анатолий Смирнов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды

Анатолий Смирнов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Анатолий Смирнов Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Анатолий Владимирович Смирнов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды".

"Мемлекет басшысының жарлығымен Болат Ғазизұлы Ысқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, ТМД жарғылық органдарының жанындағы тұрақты өкіл қызметін қоса атқарудан босатылды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны