27.02.2024, 20:03 31826

Қант өнеркәсібі қауымдастығы зауыттарды жаңғырту қажеттігін мәлімдеді

Үкіметте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен қант саласындағы проблемалық мәселелер бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, соңғы екі жылда қант саласына мемлекет тарапынан теңдессіз қолдау шаралары көрсетілді.

Атап айтқанда, фермерлер үшін 2023 жылы қант қызылшасы тұқымдарын және тапсырылған қызылшаның көлемін қайта өңдеуге (кг/15-тен 25 теңгеге дейін) субсидиялау нормативтері ұлғайтылды. Зауыттар қызылшаны сатып алу бағасын 10 теңгеден 15 теңгеге дейін көтерді, бұл рентабельділігі бойынша шекті дақылдармен салыстырмалы түрде алғанда, қант қызылшасының тоннасының жалпы құны 40 мың теңгені құрады. Сонымен қатар инвестициялық субсидиялау нормативі ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлеріне, соның ішінде қызылша жинайтын комбайндарға, тұқым сепкіштерге және тыңайтқыштарға 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайтылды.

Ал қант өндірушілер үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚҚС бойынша 70% жеңілдіктің қолданылу мерзімі ұзартылды. Қамыс шикiзатын импорттау кезiнде ҚҚС төлеуден босатылды. Жетісу облысының қант саласын дамытуға Үкімет резервінен 1,4 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ 2024 жылдың соңына дейін үшінші елдерден 300 мың теңге көлемінде қамыс шикізатын бажсыз әкелуге арналған квотаның қолданылу мерзімі ұзартылды.

2024 жылы қант қызылшасының егіс алқабын ұлғайту және 25 мың гектарға егу міндеті қойылған. Алайда алынған өнімді шығынсыз уақтылы қайта өңдеу үшін жабдықтары әбден тозған отандық қант зауыттарын модернизациялау қажет.


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны