02.02.2024, 18:23 84746

Антикор жолдардың сапасы мен күтімі бойынша заң бұзушылық фактілерін анықтады

Антикор жолдардың сапасы мен күтімі бойынша заң бұзушылық фактілерін анықтады
Сурет: Antikor
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті республикалық маңызы бар жолдарға мониторинг жүргізіп, жолдардың сапасы мен күтімі бойынша бұзушылық фактілерін анықтады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жолдардың сапасы мен күтіміне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында жауапты тұлғалар тарапынан әрдайым елеулі бұзушылықтар анықталады.

Бұл жолы мониторингпен III техникалық санаттағы, "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" дәлізінің құрамына кіретін, облыстың ең деформацияланған учаскелеріне жататын Ақтөбе - Хромтау-Қарабұтақ жолы қамтылды.

Мониторинг барысында III техникалық санаттағы жолдың өткізу қабілеті - 3000 автокөлікті құрайтыны, алайда ол жолмен бүгінгі күні қозғалыс қарқындылығында - тәулігіне 10 000 автомобиль (жазғы уақытта 15 000-ға дейін артады) қозғалатындығы анықталды. Оның ішінде 70% ауыр жүк көліктеріне тиесілі. Аталған транзиттік көліктер қарқындылығы мен жүктеменің жоғары болуы - қолданыстағы автомобиль жолының жол жамылғысы сапасын жоғалтады. Бұл жол жамылғысының әр түрлі ақауларына әкеледі.

Бұл ақаулар, бөлінген қаражатқа сәйкес "КАЖсервис" ЖШС пайдалану ұйымымен: қауіпті шұңқырларды бітеу, тегістеу қабатын төсеу және т.б. жолдармен жойылу қажет. Алайда, асфальтбетон жабынының тозуына байланысты соңғы жылдары орташа жөндеудің жасалмауы, сондай-ақ қозғалыс қарқындылығының күрт өсуі, оның ішінде ауыр жүк көліктері үлесінің басым болуы - автожолдың жай-күйіне әсер еткен.

Жұмыс тобының назары, осы учаске бойынша көлік құралдары қозғалысының үлкен қарқындылығы - жол-көлік оқиғалары кезінде кептелістердің, сондай-ақ автокөлік құралдарының бұзылуының пайда болуына аударылды.

Сондай-ақ, мониторинг барысында "КАЖсервис" ЖШС жүргізетін іс-шаралар (шұңқырлы жөндеу асфальт жабыны, инертті материалдармен толтыру, автогрейдермен профильдеу және т.б.) материалдарды ауыр жүк көліктерімен (60 тн көлікпен жүкті қоса алғанда) тасымалдау салдарынан жол төсемі шамадан тыс салмақ жүктемесіне төтеп бере алмайтыны,өрескел ақаулардың туындауына әкелетіні анықталды.

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Алмат Мырзалиев: "Жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру аясында, өңірдің барлық проблемалық салалары қамтылуда, олардың бірі - облыстың жолдары мен инфрақұрылымы. Автожолдардың сапасына жүйелі негізде мониторинг жүргіземіз. Мониторинг барысында: жұмыстарды уақытылы жоспарламау және қаржыландыру, қызмет көрсететін жол техникасының жетіспеушілігі мәселелері бар екенін анықтадық. Біз жолдардың сапасы мен күтімін жақсарту бойынша ұсынымдар енгіземіз. Осы ұсынымдар тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жіберілетін болады. Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу және күтіп ұстау "ҚазАвтоЖол" АҚ және "КАЖ сервис" ЖШС құзыретіне жатады. Бұл ретте, аталған мекемелердің облыс жолдарын күтіп ұстау бөлігіндегі жұмысы - жұртшылық тарапынан негізделген сынға алынып келеді", - деп атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны