12.09.2012, 11:15 2662

АӨІСШК форумының негізгі міндеті Ауғанстан проблемасына бағытталған шараларды қамту - Елбасы

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мерейтойлық сессиясы мен Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі барысында сөз сөйлеген Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - АӨІСШК форумының негізгі міндеттерінің бірі Ауғанстан проблемасына бағытталған шараларды қамту, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін Астанада өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің мерейтойлық сессиясы мен Сыртқы істер министрлерінің IV кездесуі барысында сөз сөйлеген Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

"Біздің форумның аса өзекті міндеттерінің бірі - Ауғанстан проблемасын шешуге бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асыру болып табылады. ЕҚЫҰ-ға өз төрағалығы барысында Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды жақсартуға көп күш-жігер жұмсады. Ауғанстанға арналған жан-жақты көмекті әлі күнге жалғастырып келеміз", - деген Елбасы, Қазақстанның ауған жастарын оқытуды жалғастырып жатқанын, гуманитарлық жүктер жеткізіліп, әлеуметтік нысандар құрылысын қаржыландыру жүзеге асырылу үстінде екендігін жеткізді. Сондай-ақ Ауғанстанды өңірдегі тасымалдау жүйесіне толыққанды тарту үшін осы елдегі көлік инфрақұрылымын кеңейту шаралары әзірленіп жатқанын айтты.

"Халықаралық құрылымдар аясында әріптестерімізбен бірлесе отырып, есірткі трафигімен және есірткі өндірумен күрес жұмысы жетілдірілуде", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны