24.02.2012, 13:22 3936

АӨК дамытудың басым бағыты - инновациялар енгізу

"Инновациялардың арқасында еңбек өнімділігі 2-3 есеге артады. "ҚазАгро" компаниясы осындай жобаларды қаржыландыруда",- деді А.Керімбеков өз сөзінде.

Астана. 24-ақпан. Kazakhstan Today - АӨК дамытудың басым бағыты - инновациялар енгізу, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Инновациялық технологияларды енгізудің арқасында ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 2-3 есеге өседі, деп хабарлады "Қазагромаркетинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Арсен Керімбеков Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

"Инновациялардың арқасында еңбек өнімділігі 2-3 есеге артады. "ҚазАгро" компаниясы осындай жобаларды қаржыландыруда",- деді А.Керімбеков өз сөзінде.

"Өсімдік шаруашылығындағы инновациялар тамшылап суару технологиясына негізделген. Жылыжай шаруашылықтарында - бұл гидропоника (топырақсыз егін өсіру әдісі) жобалары болса, мал шаруашылығында - мал тұқымын асылдандыратын репродукторлары бар бордақылау алаңдары",- деді А.Керімбеков.

Индустрияландыру картасына агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жобалары да кіріп отыр. А.Керімбековтің айтуынша, қазіргі таңда АӨК-тің 11 бағыттағы жобалары қаржыландыруда, атап айтқанда, құс фабрикалары, көкөніс сақтау қоймалары, етті мал шаруашылығы, астықты терең өңдеу және т.б жобалар.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша, 2011 жылы ауыл шаруашылығындағы жалпы ішкі өнім 27 пайызға өсіп, 2,2 трлн. теңгеден асты. Еңбек өнімділігі бір жарым есеге ұлғайды және бұл көрсеткіш 1 адамға шаққанда 1 миллион теңгені (6,8 мың доллар) құрады. Ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,7 пайызға өсіп, 107,4 миллиард теңгені құрады. "ҚазАгро" холдингінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру мөлшері 235 миллиард теңгеге жетті, бұл 2010 жылғы деңгейден 1,5 есеге көп (151,5 млрд. теңге).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны