Система Orphus

Қарағандыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының Халықаралық конференциясы өтті

20.11.2019, 18:59 88588

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - Қарағандыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының Халықаралық конференциясы өтті.

2019 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Қарағанды қаласында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықаралық спорт федерациясының ХХ Халықаралық конференциясы басталды.

Кеншілер астанасындағы халықаралық іс-шара екі күнге созылады.

Конференция жұмысына 16 мемлекеттің өкілдеріқатысады: (Австрия Республикасы, ӘзірбайжанРеспубликасы, Беларусь Республикасы, Болгария Республикасы, Қазақстан Республикасы, Катар,ҚырғызРеспубликасы, ҚытайХалықРеспубликасы, Латвия Республикасы, РесейФедерациясы, Сенегал Республикасы, Словак Республикасы, ӨзбекстанРеспубликасы, Украина, Хорватия Республикасы, Чех Республикасы, ӨСҚХСПАтқарукомитеті).

Халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин және "Өртсөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ атқару комитетінің директоры Дәурен Данаев таныстырды.

Юрий Юльин конференцияға қатысушыларды қарсы алып, былай деді: "Соңғы жылдары мемлекетіміздің саясатының арқасында салауатты өмір салты ұлттық идеяға айналды, елімізде спорттың түрлі түрлерінің сәтті жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Чемпионатты өткізу қаласы Қарағанды болып кездейсоқ таңдалған жоқ. Мұнда спорттық инфрақұрылым кең дамыған, көптеген объектілер әлемдік стандарттарға жауап береді және бізге жоғары деңгейде түрлі халықаралық жарыстар өткізуге мүмкіндік береді. Біз Қазақстандағы чемпионаттың өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының тарихында есте қаларлық із қалдыруы үшін бар күш-жігерімізді саламыз".

Сонымен қатар, Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының президенті Александр Чуприян, Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясы атқару комитетінің директоры Андрей Калинин құттықтау сөз сөйледі.

Одан әрі конференцияға қатысушылар күн тәртібінде тұрған мәселелерді талқылауға кірісті. Конференция барысында 2019 жылғы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының жұмыс нәтижелері, өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, қыздар мен юниорлар арасындағы Әлем Чемпионаттарының нәтижелері, бас төрешілер алқаларының 2019 жылғы жұмысы қаралды.

Ерлер, әйелдер мен жасөспірімдер, жасөспірімдер, қыздар мен юниорларарасындаөрт-құтқару (өрт-қолданбалы) спортыбойынша 2020 жылғаарналғанәлемрекордтарыбекітілді.

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша "Халықаралық дәрежедегі төреші" спорттық атағы Қазақстанның спорт төрешілері Бурекешев Ергенге (БҚО ТЖД), Утебаев Артурға (Ақмола облысының ТЖД) берілді.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықаралық спорт федерациясының 2020 жылға арналған негізгі спорттық іс-шаралар жоспары келісілді және бекітілді.

Қатысушылар 2020 жылы Әлем чемпионаттарын ұйымдастыру мен өткізуге ерекше көңіл бөлді. Қарағанды қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы XVI әлем чемпионатының және әйелдер арасындағы VII әлем чемпионатының, жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы X әлем чемпионатының және Чаковец қаласында (Хорватия) өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қыздар мен жасөспірімдер арасындағы VI Әлем чемпионатының ережелері бекітілді.

Халықаралық өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорт федерациясының Халықаралық конференциясының шешімімен ерлер арасындағы XVI әлем чемпионаты және өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әйелдер арасындағы VII әлем чемпионаты Қазақстан Республикасының Қарағанды қаласында 2020 жылдың 31 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында өтеді.

2020 жылы Қарағандыда жоспарланған әлем чемпионатына жалпы 400-ден астам спортшы мен делегаттардың әлемнің 20-дан астам лдерінен қатысуы күтілуде.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар оқу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілердің 100 метрлік жолағын еңсеру, жауынгерлік қанат жаю және 100 метрден 4 өрт сөндіру эстафетасында жарысатын болады.

Өрт сөндіру-құтқару спортына деген қызығушылық өсуде, келешекте бұл спорт Олимпиадалық түрі деп танылуы мүмкін, бұл ретте өрт сөндірушілер үшін бұл тек жарыс қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу, оның ішінде мамандарды даярлау саласында. Спорт күнделікті жұмыс үшін қажетті дайындықтың негізгі түрі болып табылады, өйткені біздің жұмысымызда әрбір секунд маңызды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны