14.10.2008, 10:34 1975

Арал қалалық әкімдігінің лауазым иелері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды - Бас прокуратура

Арал қалалық әкімдігінің лауазым иелері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды - Бас прокуратура

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Арал қалалық әкімдігінің лауазым иелері сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысы, Арал ауданының прокуратурасы аудан әкімдігі аппаратында құқықтық актілердің заңға сәйкестігіне тексеру жүргізіп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықтың бетін ашты.

Нақтырақ, Арал қаласы әкімінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы шешімімен "Жанар и компания" толық серіктестігіне жалпы көлемі - 3466 шаршы метр жер учаскесі пайдалану (жалдау) құқығына 5 жыл мерзімге табысталып, жыл сайынғы жалгерлік төлем мөлшерінің шегі 120 пайыз болып белгіленеді.

Ал, тексеру барысында аталған серіктестікке жалға берілген жер учаскесінде Арал насос стансасының ғимараты орналасқандығы және бұл ғимарат Арал қаласы әкімі аппаратының балансында тұрғандығы анықталды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 39 бабының 4 тармағының талабына сәйкес, үйдің (құрылыстың, ғимараттың) өзін тиісінше жалға бермей тұрып, үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесін басқа тұлғаға жалға беруге болмайды.

Алайда, заң талаптарын назардан тыс қалдырған әкім "Жанар и компания" толық серіктестіктігіне жалға берілген жер учаскесінде орналасқан Арал насос стансасының ғимараты жалға берілмей тұрып, оның орналасқан жер учаскесі заңсыз жалға беріліп, аталған серіктестікке артықшылықтар көрсеткен.

ҚР "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңында, шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету әрекеті - сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық болып табылады.

Тексеру нәтижесінде, заңсыз шешімнің қабылдануына қорытынды берген жер учаскелерін меншікке немесе жер пайдалануға беру жөніндегі Арал қалалық комиссиясының құрамындағы Арал қаласы әкімінің орынбасары Б.Кемалашев, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі С.Мерекбаев, аудандық жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі З.Абдиханов, Арал қаласы әкімінің бас маманы Н.Рсалиевтер тәртіптік жазаға тартылып, заңсыз шешімнің күші жойылуы қамтамасыз етілді.

Ал, аудан прокуроры сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасаған Арал қаласының әкімі А.Үмбетовты тәртіптік жазаға тарту туралы облыстық Тәртіптік кеңеске ұсыныс енгізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны