07.11.2017, 19:20 4169

Арал теӊізініӊ құрғаған ұлтаныныӊ 156 мыӊ гектарына сексеуіл егілген

Арал теӊізініӊ құрғаған ұлтаныныӊ 156 мыӊ гектарына сексеуіл егілген.Бұл туралы Өӊірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.

Қызылорда. 7 қараша. Kazakhstan Today - Арал теӊізініӊ құрғаған ұлтаныныӊ 156 мыӊ гектарына сексеуіл егілген.Бұл туралы Өӊірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасыныӊ басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев хабарлады.

БАҚ өкілдеріне басқарманыӊ 9 айдағы жұмысы туралы баяндаған басқарма басшысы облыс аумағында мемлекеттік орман қоры туралы айтып өтті.

Орман қорыныӊ жалпы көлемі 6,5 млн.гектар болса, соныӊ 3 млн. гектары орманды алқаптар.

Облыс әкімдігіне қарасты 8 орман шаруашылығы мекемесі бар. 594 мыӊ гектар жеріне орман патологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Орман өртініӊ алдын алу мақсатында, орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқарады

Өртке қарсы 438 шақырым жаӊа, 3193 шақырым ескі өрт жолақтары жүргізілді. 2017 жылы орман шаруашылығы мекемелеріне 2 дана өрт сөндіру автокөлігі, 1 трактор, 1 су таситын автокөлік, 2 дана күзет автокөлігі алуға қаржы бөлінген.

Орман алқабын молықтыру мақсатында жыл сайын 10707 гектар сексеуіл, саялы ағаш көшеттері егілуде.

Брифингте белгілі болғандай соӊғы 25 жылда Арал теӊізініӊ құрғаған ұлтаныныӊ 156 мыӊ гектарына сексеуіл егілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны