02.06.2015, 15:34 4136

Ирбір мемлекеттік қызметкер іріктеу үдерісінен өтеді

Ирбір мемлекеттік қызметкер өзініӊ атқарып отырған лауазымына сәйкестігі жөніндегі іріктеу процедураларынан өтеді, деді Парламент Мәжілісініӊ депутаты Айгүл Соловьева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында

Астана. 02 Маусым. Kazakhstan Today - Ирбір мемлекеттік қызметкер өзініӊ атқарып отырған лауазымына сәйкестігі жөніндегі іріктеу процедураларынан өтеді, деді Парламент Мәжілісініӊ депутаты Айгүл Соловьева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұлт жоспарында қарастырылып отырған үшсатылы жүйе, мемлекеттік қызмет істері агенттігінде қаралады. Меритократия процедуралары жүзеге асырылады. Ал жемқорлықпен күрес заӊына келетін болсақ, онда тәуекелдер тудыруы мүмкін ерекше басым бағыттар бойынша енгізілетін стандарттар қарастырылды. Ирине, өзініӊ ерекшеліктері мен өмірбаяны және өмір тарихы бойынша әрбір мемлекеттік қызметкердіӊ өзі атқарып отырған қызметіне лайықтылығын анықтау мақсатында іріктеу шараларымен қамтылады",-деді А.Соловьева, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ сөзінше, әрбір мемлекеттік қызметкер жергілікті атқарушы органдардағы бірінші деӊгейден өтуі керек. "Бұндай тәсіл болашақта жауапты саяси қызметтерді атқаратын мемлекеттік қызметкер үшін маӊызды. Бұған қоса, Ұлт жоспары - 100 қадам аясында ақпараттық қызметтерді біріктіретін корпорация қарастырылады. Қазір Парламентте осы тэзисті жүзеге асыратын арнайы топ бар",-деді депутат.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны