01.04.2009, 15:54 2952

Ардагерлер ұйымы республикалық кеңесінің төрағасы президентті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына дайындық барысы туралы хабардар етті

Ардагерлер ұйымы республикалық кеңесінің төрағасы президентті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына дайындық барысы туралы хабардар етті

Астана. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ардагерлер ұйымы республикалық кеңесінің төрағасы президентті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына дайындық барысы туралы хабардар етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ардагерлер ұйымы республикалық кеңесінің төрағасы Мақтай Сағдиевті қабылдады.

Кездесу барысында президент ұйымның жұмысы жайлы сұрап білді.

Мақтай Сағдиев Нұрсұлтан Назарбаевты алда аталып өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына дайындық барысы туралы хабардар етті. Президент ардагерлерге, соның ішінде соғыс және еңбек ардагерлеріне қамқорлық мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны