18.04.2007, 18:39 2841

Арқалықта түзету мекемесіндегі сотталған 23 адам өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасады

ҚОСТАНАЙ. 18 - сәуір. Kazakhstan Today. Арқалықта түзету мекемесіндегі сотталған 23 адам өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқармасынан хабарлады.

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, 17-сәуірде таңғы сағат 5.20-да Арқалық қаласының УК-161/12 мекемесінде сотталғандар өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасады. "Сотталғандарға бірінші медициналық көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ешкім ауыр зардап шеккен жоқ, жарақаттары жеңіл",- деп түсіндірді Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер.

Басқарма ақпараттары бойынша, оқиға болған жерге түзету мекемелеріндегі заңдылықты сақтау жөніндегі қостанайлық прокурор Нұрлан Ибенов, сонымен қатар Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басқарма басшылары келген. Сотталғандармен сұхбат жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталуда.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер сондай-ақ, аталмыш дерек бойынша тергеуге дейнгі және қызметтік тексеру жүргізіліп жатқандығын хабарлады. "Өз-өзіне қол жұмсауға түрткі болған себептердің бірі кеше қатаң режимдегі Алматы облысы мекемесіндегі осы сияқты оқиға туралы жанжалға қатысты теледидардан берілген сюжет екендігі белгілі болды. Ондағы жазаларын өтеп жатқандарды қолдау белгісі ретінде қамаудағы аралдықтар да осындай шара өткізген",- деп түсіндірді Қылмыстық атқару жүйесі комитетіндегілер.

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, өздеріне жарақат салған 23 сотталған қарақшылық, тонау және адам өлтіру сияқты ауыр және өте ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұзақ мерізімге бас бостандықтарынан айыруға жазаланғандар.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің бастығы Сергей Мощенконың айтуынша, "сотталғандардың талаптары тыңдалынып, назарға алынады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны