12.12.2006, 17:44 2818

Арқалықтағы түзету мекемесіне есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді - әділет министрлігі

АСТАНА. 12-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Қостанай облыстық ҰҚКД-мен бірлесе отырып Арқалықтағы УК-171/12 түзету мекемесіне есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне әділет министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Түзету мекемесіндегі бірлескен шұғыл шара бүгін жүзеге асырылды. "Түзету мекемесінің бақылау-тексеру бекетінде оперативтік қызметкерлер осы мекеменің асханасында жұмыс істейтін азаматтық қызметкерді құрықтады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі. Тексеру кезінде қызметкерден 20 грамға жуық есірткі тәркіленді.

"Қазір бұл дерек бойынша қажетті материалдар жинақталуда. Содан кейін процессуалдық шешім қабылданады",- деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны