01.06.2012, 11:28 3728

"Арқанкерген" шекара бекетінде өртеніп кеткен шекарашылардың қарулары табылды

Аталған қарулардан соңғы күндері оқ атылған-атылмағандығын тексеру қазіргі уақытта мүмкін болмай отыр. Осыған орай табылған қарулар арнайы сараптамадан өткізілетін болады.

Астана. 1-маусым. Kazakhstan Today - Алматы облысында "Арқанкерген" шекара бекетінде өртеніп кеткен шекарашылардың қарулары оқиға орнынан табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің дереккөзі хабарлаған.

Оның атап өтуінше, аталған қарулардан соңғы күндері оқ атылған-атылмағандығын тексеру қазіргі уақытта мүмкін болмай отыр. Осыған орай табылған қарулар арнайы сараптамадан өткізілетін болады. Сонымен қатар қаза тапқан шекарашылардың санына қатысты әртүрлі деректер бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген болатын. Ал дереккөзінің айтуынша, оқиға орнында Шекара қызметі, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мамандары жедел тергеу амалдарымен қатар, іздеу шараларын да жүргізуде. Жалпы аталған шекара бекетінде 15 шекаршы болған.

Сондай-ақ, ол бұл қайғылы оқиғаның шекарашылар күнін мерекелеумен байланыстырған алып-қашпа сөздерді жоққа шығарды. "Қазақстан шекарашылар күні Қазақстанда жыл сайын 18 тамызда аталып өтіледі. Ал 28 мамыр КСРО шекарашыларының күні болатын. Қазіргі уақытта бұл күн қазақстандық шекарашылар үшін әдеттегі күндердің бірі", - дейді ол.

Оның баса назар аударуынша, оқиға болған жерде шекара қызметінің директоры генерал-майор Нұржан Мырзалиевтің басшылығымен ҚР Ішкі істер министрлігі және Бас әскери прокуратура мамандары мен өкілдерінің қатысуымен жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны