29.05.2014, 20:55 2867

Армения ЕАЭО құрамына 2014 жылдың 15 маусымына дейін қосылуы мүмкін

Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартқа қол қою мерзімін ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін белгілеуді сұрады.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. Бүгін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Армения Республикасының Президенті Серж Саргсян Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартқа қол қою мерзімін ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін белгілеуді сұрады.

"2-3 мәселені пысықтау ғана қалғанын ескере отырып, Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартқа қол қою мерзімін ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін белгілеуді сұраймын. Уақыттың аз екенін түсіне отырып, Сіздер дайын болған жағдайда 2-3 күнде өзара тиімді шешім табатынымызға сенімдімін. Өз тарапымнан, қол қойылған шарт ұлттық палата қарауына қысқа мерзімде ұсынылып, бекітіледі деп сендіргім келеді", - деді Серж Саргсян.

"Бұл көптеген сарапшылардың орасан еңбегінің нәтижесі. Десек те, бұл Мемлекет басшыларының саяси қалауынсыз мүмкін болмас еді", - деп қосты ол.

"Маңызды тарихи жағдай - Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысуға шақырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Кедендік Одақ елдерінің Мемлекет басшыларын жаңа кезең - Еуразиялық экономикалық одақ құруға жетулеріңізбен құттықтаймын", - деді Армения Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны