30.06.2008, 15:25 3185

Армения, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда қызмет ететін Ресей әскерилерінің жалақысы ұлғайтылады

Армения, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда қызмет ететін Ресей әскерилерінің жалақысы ұлғайтылады

Бішкек. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ресейдің Мемлекеттік думасы Армения, Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда келісім-шарт бойынша қызмет ететін Ресей әскерилерінің жалақысын 15 пайызға өсіру жөніндегі заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Қырғызстанның Кант қаласында 2003 жылдың 22 қыркүйегінен бастап орын тепкен Ресейдің әскери базасында 500 әскери мен Су-25, Су-27, Ан-24, Ил-76 ұшақтары, Ми-8 тікұшақтары, Қырғыз жағынан Чехияда жасалған L-39 ұшақтары мен іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған тікұшақтар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны