13.09.2016, 13:34 3475

Арменияныӊ премьер-министрі қызметіне Карен Карапетян тағайындалды

Арменияныӊ жаӊа премьер-министрі қызметіне Карен Карапетян тағайындалды, ол соӊғы жылдары ресейлік "Газпромда" жұмыс істеді, ал 2010-2011 жылдары Ереван мэрі лауазымында болды.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Арменияныӊ жаӊа премьер-министрі қызметіне Карен Карапетян тағайындалды, ол соӊғы жылдары ресейлік "Газпромда" жұмыс істеді, ал 2010-2011 жылдары Ереван мэрі лауазымында болды.

Сейсенбі күні Армения президенті Серж Саргсян осы тағайындау жөніндегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ТАСС тілшісіне республика басшысыныӊ аппаратынан.

"Карен Карапетян Армения Республикасыныӊ премьер-министрі қызметіне тағайындалсын", - делінген құжатта.

Карен Вильгельмович Карапетиян 51 жаста, 1980 жылы Ереван мемлекеттік унивекрситетініӊ қолданбалы математика факультетін үздік бітірген. Экономика ғылымдарыныӊ докторы (2010). Армян КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетініӊ Есептеу орталығында жұмыс жасады, Ереван мемлекеттік университетінде сабақ берді.

1996-98 жылдары "Армэнерго" бірлестігініӊ бас директорыныӊ орынбасары, 1998-2001 жылдары - бас директоры. 2001 жылы - Армения энергетика министрініӊ орынбасары. 2001-2010 жылдары - "АрмРосгазпром" бірлескен кәсіпорныныӊ басқарма төрағасы - бас директоры, кейінен ол толықтай ресейлік "Газпромныӊ" еншілес кәсіпорнына айналды.

2010-2011 жылдары - Ереван қаласыныӊ мэрі қызметінде болды. 2011 жылдан Мәскеуде "Газпромныӊ" бірінші вице-президенті болды, ал 2012 жылдан бастап "Газпром-Межрегионгаз" компаниясы бас директорыныӊ орынбасары қызметін қоса атқарды, ал өткен жылданг бастап - "Газпром-энергохолдинг" фирмасы бас директорыныӊ халықаралық жобалалр жөніндегі орынбасары.

Арменияныӊ мемлекеттік наградаларына ие болған, Франция ұлттық орденініӊ офицері.

Бұрынғы премьер Овик Абрамян өткен бейсенбі күні өз өтінішімен қызметінен кетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны