28.04.2008, 18:20 4192

Армияның орталық спорт клубының спорт комитетінің олимпиадалық резервтің 4 спорт мектебін қысқарту туралы ресми шешімі күшін жойған жоқ

Армияның орталық спорт клубының спорт комитетінің олимпиадалық резервтің 4 спорт мектебін қысқарту туралы ресми шешімі күшін жойған жоқ

Алматы. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Армияның орталық спорт клубының спорт комитетіне қарасты олимпиадалық резервттегі 4 спорт мектебін қысқарту туралы ресми шешімі күшін жойған жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Армияның орталық спорт клубының спорт комитеті басқармасына сілтеме жасай отырып.

"Қорғаныс министрлігі қорғаныс министрінің Армияның орталық спорт клубының (АОСК) 4 мектебін толығымен қысқарту керек деген бұрынғы қаулысының күшін жою туралы нұсқау дайындап қойды деген сыбыс бар. Бірақ біз бұл жерде ондай құжатты әзірге алған жоқпыз", - деп хабарлады АОСК спорт комитеті басқармасындағы ақпарат көзі.

Бұрын хабарлағанымыздай, АОСК спорт комитеті қорғаныс министрі қолын қойған штаттық кестені өзгерту туралы қаулы қабылдаған. Атап айтқанда, құжатта олимпиадалық резервтің 4 мектебі: спорттық гимнастика, коньки, жеңіл атлетика және спорттық ойын түрлері мектептерін толығымен қысқарту туралы айтылған. АОСК спорт комитетінің басшылығы бірқатар мәлімдемелер жасағаннан кейін қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың өзі "АОСК дамуы керек және дами береді де", ал спорт мектептерін ешкім де жаппайды деп мәлімдеген болатын.

Кейін белгілі болғандай, штат көлемін өзгерту туралы жарлық Алматыға "қателесіп" келген. КТК телеарнасының ақпаратына сүйенсек, мектептердің қысқаруында қателік болған. "Қорғаныс министрлігінің ұқыпсыз қызметкерлері Алматыға штаттық кестенің жарамсыз көшірмесін салып жіберген".

Спорт мектептеріне қатысты жағдайды сенбі күні Алматыға АОСК спорт комитетінің басшылығымен кездесуге келген Болат Жанасаев айқындап алмақшы болған. Ол алматылықтарды спорт мектептері жұмыс істей беретініне сендірген. Алайда АОСК ресми құжаттарды күтуде. "Егер министрлік бұрынғы нұсқаудың күшсіз деп тану жөнінде ресми қағаз жіберсе барлық шу күн тәртібінен алынып тасталынар еді. Бірақ мен әзірге ондай құжатты көрген жоқпын", - деді АОСК басқармасының қызметкері.

Бұрынғы штаттық кестеге сәйкес АОСК арнайы метептерінде 800-ден кем емес бала жаттығуы керек. Бұл мектептерге баратын балалардың жалпы саны 3500-ден асады. "Егер министрліктің мектептерді қысқартпау туралы ресми жарлығы болмаса, онда біз бұрынғы нұсқаулықты алған күннен бастап екі айдың ішінде бұйрықты орындап, ол жайында мәлімдеуіміз керек", - деп хабарлады АОСК.

Бұрын хабарлағанымыздай, АОСК спорт комитетінің штаттық мөлшерін қысқарту туралы №14/1/0257 жарлыққа министр 1 сәуірде қол қойған. Ол Алматының спорт комитетіне 14 сәуірде келіп жеткен.

Соған қарамастан мектептерді толық құрамда сақтау туралы күтіліп отырған бұйрық олардың тағдырын уақытша ғана шешеді. Бүгін "Мегаполис" газетіне берген сұхбатында қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Б. Жанасаев: "АОСК спорт мектептері қорғаныс министрі Даниал Ахметовтың тікелей нұсқауымен әзірге Орталық армия клубының құрамында қалады. Бірақ, болашақта бәрібір профильді министрлікке (Туризм және спорт министрлігі - агенттік ескертпесі) беріледі", - деген ақпаратты растады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР үкіметінің 2002.03.19 күнгі №332 қаулысымен, ҚР қорғаныс министрінің 2002.04.12 күнгі №157 бұйрығымен, ҚР қорғаныс министрінің 2002.07.18 күнгі №1/12/1/1959 нұсқауымен ҚР ҚМ АОСК СК штат саны 1003 адам ретінде шегі белгіленген. Кейін ҚР қорғаныс министрінің 2007.06.28 күнгі №001 бұйрығымен және ҚР ҚМ шұғыл жұмыстар ұйымдастыру департаментінің бастығының 2007.07.26 күнгі №14/1/0265 жарлығымен ҚР ҚМ АОСК СК қызметкерлерінің саны 1021 штаттық бірлік ретінде бекітілген.

ҚР Қорғаныс министрлігі Армияның орталық спорт клубының спорт комитеті штабының жеке құрамы 246 бірлікке дейін қысқартылады деп жазылған Қорғаныс министрі Д. Ахметов қол қойған №14/1/0257 жарлық 2008 жылдың 1 сәуірінде жарыққа шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны