05.10.2009, 18:51 4016

"Арна-2009" халықаралық жедел-профилактикалық операциясының бірінші кезеңі аясында 28 тонна есірткі тәркіленді

"Арна-2009" халықаралық жедел-профилактикалық операциясының бірінші кезеңі аясында 28 тонна есірткі тәркіленді

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - "Арна-2009" халықаралық жедел-профилактикалық операциясының бірінші кезеңі аясында 28 тонна есірткі тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі бизнесіне, оның ішінде өңіраралық және трансұлттық байланыстарға қарсы күресті жандандыру мақсатында ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті ағымдағы жылдың қыркүйегінде бірқатар арнайы операциялар өткізді.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының шешімін орындау үшін ағымдағы жылғы 20 - 28 қыркүйек аралығында "Арна-2009" халықаралық жедел-профилактикалық операциясының бірінші кезеңі өткізілді.

Операцияның мақсаты - Орталық Азия мемлекеттері мен Ауғанстанға прекурсорлардың контрабандалық жолмен түсу арналарын анықтау мен жабу, есірткінің кері бағытта түсу арналарын жабу, сондай-ақ жеткізуге қатысы бар трансұлттық қылмыстық топтарды әшкерелеу болып табылады.

Іс-шараларға ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекетердің құзырлы органдарының өкілдері, ал бақылаушылар ретінде Изірбайжан, Ауғанстан, Болгария, Венесуэла, Германия, Иран, Италия, Испания, Қытай, Колумбия, Латвия, Литва, Польша, АҚШ, Түркия, Украина, Эстония, сондай-ақ бірінші рет қылмыстық кірісті заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасасу бойынша Еуразиялық топ мүшелерінің қаржылық бақылау бөліністері қатысты.

Операцияға жоғарыда көрсетілген елдердің құқық қорғау органдарының 139 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды. Бірлескен күш жігердің арқасында 6354, оның ішінде есірткіні сатумен байланысты 2345, есірткі тасымалдаудың қылмысы 694 анықталды.

Заңсыз айналымнан шамамен 28 тонна есірткі тәркіленді: 5771 кг апиын (оның ішінде 4498 кг-Иран, 1136 кг- Ауғанстан), 749 кг героин (оның 147 кг-Иран, 144,6 кг-Қытай, 138 кг-нан -Ауғанстан мен Түркия), 14,3 тонна марихуана (оның 6 тоннасы-АҚШ, 2,4 тонна-Ресей, 2,1 тоннасы-Белоруссия, 1,8 тонна-Қазақстан), 798,5 кг кокаин (оның 700 кг-Италия), сондай-ақ 573,8 тонна прекурсор (оның 523,2 тоннасы-Қазақстан, 22,9 тоннасы-Ауғанстан, 15 тоннасы- Қытай, 9,2 тоннасы Ресей).

Операция барысында еліміздің аумағында құқық қорғау органдарының 3,5 мың қызметкерлері жұмылдырылды, олардың күштерімен әртүрлі көлік түрін тексеру үшін 255 жедел топ ұйымдастырып, тексеру бағытында 226 бекет құрылды.

231 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткі сатудың 63, есірткі тасымалдаудың 10 фактісі анықталды. 523 тонна прекурсор, оның ішінде 522 тонна күкірт қышқылы тәркіленді. Заңсыз айналымнан 1 тонна 828 кг есірткі, оның ішінде 26,6 кг героин, 1,8 тонна марихуана, 6 кг гашиш алынды. Есірткінің заңсыз айналымы үшін 334 адам, оның ішінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің 264, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден 264, басқа мемлекеттің 1 азаматы ұсталды.

Осылайша ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Ақмола облысы ІІД ЕБҚКБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ақкөл қаласында бұрын сотталған 36 жастағы ер адамды есірткі сақтағаны үшін ұстады, одан 109 кг марихуана табылып, тәркіленді.

Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 7- 11 қыркүйегінде еліміздің аумағында есірткіні тұтыну үшін притон ұстау фактілерін анықтау мен жолын кесуге бағытталған "Есірткі притон" операциясы өткізілді. Операция барысында есірткі притонын ұйымдастыру немесе ұстаудың 27 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 1,5 кг есірткі заттары, оның ішінде 15 гр. героин, 54 гр. апиын, 1 кг астам марихуана мен гашиш тәркіленді.

Павлодар қаласындағы пәтерлердің бірінде есірткіге мас күйдегі пәтер иесі мен екі келуші қыз ұсталды. Батыс Қазақстан облысында көңіл көтеру және оқу мекемесіне жақын орналасқан есірткі притоны жойылды. Пәтер иесі, бұрын сотталған Орал қаласының тұрғыны бір есірткі сеансына 500 теңге сыйақы алып, өз пәтерінде есірткі тұтыну үшін есірткі притонын ұйымдастырған.

Қазіргі уақытта осы адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп, есірткіні сатып алу және тарату арналары анықталуда. Есірткі притондарын анықтау фактілері жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Қазақстанның аумағында 7-17 қыркүйек аралығында емдеу-алдын алу мекемелері мен өндірістік кәсіпорындарда есірткінің, психотроптар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы тәртіп бұзушылықты анықтау мен жолын кесу мақсатында "Допинг" операциясының 3-ші кезеңі өткізілді.

Прокуратураның аумақтық органдары ұйғарымдарының негізінде 372 дәріхана, 98 қойма, 196 емдеу-алдын алу мекемесі мен 108 өндірістік кәсіпорын тексерілді.

Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымы саласында 187 құқық бұзушылық анықталып, есірткі құралдарын, психотроптық немесе улы заттарды өндіру, дайындау, пайдалану, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, есепке алу, жіберу, тасымалдау, ережесін бұзғаны үшін 11 қылмыстық іс қозғалды, әкімшілік жауапкершілікке 122 адам, оның ішінде 14 медициналық қызметкер тартылды.

Тексеріс барысында құрамында есірткісі бар заңсыз сақтаудағы 335 дәрі-дәрімек құралдарының ампуласы, 298 таблетка түріндегі және 1,7 мыңға жуық психотроптық заттардың ампуласы, сондай-ақ 700 тонна прекурсор алынды.

"Осылайша Орал қаласында Ружейников көшесі, 11-үй мекен жайында орналасқан "Топан" ЖШС-ның филиалын тексеру кезінде 22 тонна 999 кг күкірт қышқылы алынды. Астана қаласындағы "Гиппократ" МФК ЖШС тексеру барысында психотропты "Реланиум" дәрі-дәрмегінің 1400 ампуласы табылып, тәркіленді. Алматы облысының ІІД ЕБҚКБ "Талғар спирт" АҚ-ны тексеру барысында 330 тонна күкірт қышқылы тәркіленді. Ал Шығыс Қазақстан облысында "Қазақстан Мырыш" ЖШС-ті тексеру барысында 55,3 тонна күкірт қышқылы табылды"- делінген ҚР ІІМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны